Шын жүректен: «АлЭС» АҚ жастар ұйымының белсенділері балалар мерекесін өткізді

«Жарқын Болашақ» жастар ұйымының белсенділері Балаларды қорғау күніне орай 2017 жылғы 11 маусымда «АлЭС» АҚ қызметкерлерінің балаларына мерекеұйымдастырды. Уәделескен саябақта (Ұлықбек к.қиылысы және Алтынсарин д.)жастар ұйымы мүшелерімен қоса, 20 шақты бала жиналып, қысқа уақыт ішінде бір - бірімен танысып, тіпті достасып та үлгерді. Конкурстарға, ойындарға белсене қатысып, өздерін еркін сезінген балалар, уақытты жақсы өткізді. Осы аталған мереке есте қалатындай, аса көңілді өтті!

 

«Менің ойымша, біз балаларға мерекелік көңіл күй сыйлай алдық. Ата- ана роліндегі ұжымдағы әріптестерімізді көрген қызық болар еді. Балаңның шынайы қуанғанын, асыр салып ойнағанын, шаттана күлгенін бақылау шын бақыт. Мен жұмыс кезінде көп көңіл бөле алмасам да, демалыста балама уақыт арнаймын. Отанымыздың жақсы азаматтарын, патриоттарын тәрбиелеуді міндет санаймыз. Балалар – біздің болашағымыз!», – деп ойымен бөлісті жастар ұйымының белсендісі Ельмира Турумбетова.

 

Жастар ұйымының белсенділері сол күні және бір шараны жүзеге асыра алды, №1 балалар үйінің балаларымен киноға барды. Төрт жылдан астам уақыт баратын балаларбүгінде ержетті. Олардың көбі Алматы қаласының колледждерінде оқиды. Солардың ішінде Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінің студенттері де бар.

«Балалар ішкі жан дүниесімен бөліседі бізбен, - дейді Фариза Ботакараева, «Жарқын Болашақ» ЖҰ төрағасы. – Мені Дмитрийдің колледжден кейін отбасын құрғысы келетінін айтқаны толқытты. Диманың ойынша отбасын ерте құрған дұрыс, ата-аналар балаларын өсіріп, аяқтандыра алады. Ол 45 жасқа келгенде 20 жасар баласының болғанын армандайды. Оның көздерінде ертеңге деген сенімі қуантады. Ол ер жігіттің өмірде жауапты болу керектігін жақсы түсінеді. Дмитрий үшін ең үлкен бақыт – отбасы».