1 -ЖЭО: жылу беру маусымына дайындалу

Өндіріс жоспарына және Жөндеу кестесіне сәйкес ағымдағы жылғы сәуірдің 24 - нен бастап қазанның 15 –ін қамтитын мерзімде 1 – ЖЭО толық тоқтатылды. Дегенмен, 1-ЖЭО торабында электр және жылу қуатының транзиті үшін қажетті жабдықтар, құбырлар және электр желілері жұмысқа қосулы күйде қалдырылды.

Қазан, турбина, генераторлар және қосалқы жабдықтарда жөндеу – қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. «Энергожөндеу» ӨЖК 1-ЖЭО учаскесінің мамандары учаске бастығы Дмитрий Дороховтың, қазан және турбина цехтарының жұмыскерлері қазан цехының бастығы Даурен Кулипбаевтың, турбина цехының бастығы Мурат Сарсембаевтың басшылығымен №9,10 бу қазандарын, № 1, 3, 4, 5, 6, 7 су жылыту қазандарын, №10 турбинаны толықтай жөндеуден өткізді.

 

10 генератордың, №4, 5 екі негізгі трансформаторлардың тозған бөлшектері ауыстырылған жөндеу жұмыстары аяқталды. Аталған жұмыстардың ұйымдастырылуына, орындалуына бақылау электр цехының бастығы Александр Розенблит және электртехникалық зертхана бастығы Сатыпалды Иембердиевтің басшылық етуімен жүргізілді, екі цех жұмыскерлерінің күшімен орындалды.

30 жылдан астам уақыт пайдаланылатын сутегі ресиверлерінің, 6 ата деаэраторларының, желілік су жылытқыштары мен жоғары қысым жылытқыштарының, үрлеп тазартушы кеңейткіштерінің пайдалану мерзімін ұзарту және жұмысына бақылау жүргізіледі. Осы аталған жұмыстар электр цехы бастығының орынбасары - Александр Климовтың, қазан цехы бастығының орынбасары Қаныбек Ахметжановтың және турбина цехы бастығының орынбасары Ренат Максутовтың басшылығымен жүргізілді.

Анықтама:

1-ЖЭО өндірістік департаментінде энергия өндіретін жабдықтың негізгі бөлігін пайдалану уақыты 45 - 57 жылды құрайды. Бастапқыда орнатылған үш турбинаның екеуінде, алты қазанның екеуінде өндіруші зауыттың белгілеген пайдалану мерзімі аяқталды. Аттестацияланған ұйым станция паркінің ресурсын тексерді және оны ұзартты. «АлЭС» АҚ өндірісіндегі электр және жылу жүктемелерінің үлесі (2016 жылы) электр энергиясы өндірісінің 6% және жылу босатудың 25% құрады.

Сондықтан күзгі- қысқы мерзімде негізгі және қосалқы жабдықтың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін жабдықтарды жөндеуді сапалы жоспарлау және орындау қажет.

Қазіргі уақытта 1-ЖЭО жұмыскерлері бар күш жігерін осы міндетті орындауға жұмсауда.