3 -ЖЭО: жөндеу компаниясы

Осы кезеңде 3-ЖЭО –да өз жұмыскерлерінің және «Энергожөндеу» ӨЖК бригадасының күшбіріктіруінәтижесінде №4 турбинаны жинақтау және меншікті мойынтіректерінде теңгерімдеу бойынша дайындық жұмыстары орындалуда, оған турбина жабдығын жөндеу жөніндегі аға шебер Александр Сидоров, учаске шебері Сергей Процко және турбина цехы өндірістік учаскесініңаға шебері Сергей Кузьминбасшылық етеді.

Анықтама:№4 ст. К-50-90-3 ЛМЗ турбоагрегаты пайдалануға 1965 жылы берілген. Пайдалану барысында осы аталған турбоагрегатта қолданыстағы нормативтік – техникалық құжаттарға сәйкес көлемде және мерзімдерде жоспарлы ағымдық және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2017 жылы №4 турбина роторды бақылау үшін турбина цилиндрі ашылатын кеңейтілген ағымдағы жөндеуге шығарылды, турбина цилиндрін ашқан кезде бағыттаушы қалақшалардың қатты эрозиялық тозғаны анықталды. Турбинаның ағыстық бөліміндегі процестерді қалыпқа келтіру мақсатында турбина роторымен бірге қойылған турбина цилиндрінің төменгі қысым бөлігін ауыстыру туралы шешім қабылданды. Осы аталған міндетті «Энергожөндеу» ӨЖК бригадасы табысты орындап шықты.