«Энергожөндеу» ӨЖК: аса күрделі жұмыстар орындалуда

2017 жылғы маусымда «Энергожөндеу» ӨЖК жұмыскерлері күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Арматура - механикалық цех бастығы әль-Фараби Утеуловтың басшылығымен Каскад ГЭС өндірістік департаментінің 2-ГЭС гидротурбинасының жұмыс дөңгелегінде күрделіжөндеу жұмыстары орындалды, 2-ЖЭО департаментінің №8 қазанының қожиірімді құрылғысының редуктор корпусын қалпына келтіру жұмыстары игерілді.

Генераторды жөндеу және 2-ЖЭО №4 турбина генераторының білікөткізгішін қоздырғыш статоры мен бас май сорғысы корпусын орнату жұмыстарын 2-ЖЭО турбина жабдығын жөндеу учаскесінің бастығы Владимир Регер басқарды.

Каскад ГЭС департаменті гидротурбиналарының жұмысшы дөңгелектерін қайта құру бойынша өнертапқыштық ұсыныс өндіріске енгізілуде. Аталған жобаны әзірлеген жетекші инженер конструктор Алексей Эзау, басшылық жасаған ӨТБ бастығы Максат Ешмагамбетов.

Маусымда 2-ЖЭО қазан агрегаттарының ыстық үрлемелеу желдеткіштерінің жұмыс дөңгелектерін жөндеу жөніндегі ӨЖК конструкторы Аршидин Курбановтың өнертапқыштық ұсынысының жобасы орындалды.

Қазіргі уақытта «Энергожөндеу» ӨЖК қызметкерлері жөндеу компаниясының міндеттерін толықтай табысты орындауды мақсат тұтқан.