«АлЭС» АҚ өкілдері ҚР және ТМД ардагер энергетиктерінің IX Форумына қатысты

23 мамырда 2017 жылы Оңтүстік Қазақстан өңірінің облыс орталығында энергетика саласының өзекті мәселелері бойынша ҚР және ТМД ардагер энергетиктерінің IX Форумы өтті. Алқалы отырысқа өз мамандарымыз, сонымен бірге Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан энергетиктері қатысты. «Алматы электрстанциясы» АҚ атынан форум жұмысына қатысқан ардагерлер Ж.С.Ормамбеков және Б.Т.Шоланбаев болды.

Энергетика қызметтерінің жалпы қолжетімді болуын қамтамасыз ету және жаңғырмалы энергия көздерінің үлесін арттыру Форумның негізгі тақырыбы болдыОтандық, сонымен бірге шетелдік сараптамашылар бірауыздан энергетикақазіргі уақытта өз тұтынушыларының сұраныстарын алдын ала болжауға бағытталуы тиіс деп пайымдады.

Форум барысында Қазақстан Республикасы Энергетика вице министрі Бақытжан Жақсалиевтің «Қазақстан Республикасындағы жаңғырмалы энергия көздерінің жағдайы және даму перспективалары туралы» баяндамасы тыңдалды. Оның сөзіне сәйкес қазіргі таңда Қазақстанда жалпы қуаты 295,7 мВт, соның ішінде ГЭС – 139,8 мВт, ВЭС - 98,2 мВт және СЭС – 57,3 мВт болатын 50 – ге жуық жаңғырмалы энергия көздері (ЖЭК) іске қосылған.

«Форум барысында ардагер энергетиктердің көп жылғы еңбегі мен жинаған мол тәжірибесі Қазақстан Республикасы энергетика саласының қазіргі дамуының негізі болатыны ерекше аталды. Шараға қатысушылар Қазақстан және ТМД энергожүйелерін әрі қарай жетілдіру және жаңарту жайлы пікірлерімен алмасты»,- деді Бактыбек Тлеукенович Шоланбаев.

Форумнан кейін қатысушылар үшін Шымкент қаласының көрікті жерлері мен орталықтарына экскурсия ұйымдастырылды, содан кейін энергетика ардагерлері Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, батырларға тағзым етті.