«АлЭС» АҚ өкілдері «Еңбек әулеттері күнін» мерекелеуге қатысты

Кәсіпке отбасында баулу дәстүрін дәріптеу, қолдау және ұрпақ жалғастығын қамтамасыз ету мақсатында «Самұрық – Қазына» АҚ бастамасымен 2013 жылдан бастап Еңбек әулеттері күні мерекеленеді. 2017 жылы 17 мамырда «Самұрық - Энерго» АҚ Астана қаласында «Богатырь-Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Екібастұз ГРЭС-2» ЖШС, «ЕкібастұзГРЭС-1» ЖШС, «Шардара ГЭС» АҚ, «АлматыЭнергоСбыт» АҚ, «АЖК» АҚ және тағы басқа ұйымдардан келген еңбек әулеттерінің өкілдерін қабылдады. «Алматы электр станциялары» АҚ атынан аталған шараға Дербиндер отбасы қатысты. Олардың энергетикадағы жалпы еңбек өтілі 102 жыл.


Әулет отағасы - Дербин Валерий Иванович, өзінің еңбек жолын Трипольск ГРЭС–інен бастаған, кейін Сырдария ГРЭС–де жұмыс істеген. 01.07.1997 жылдан бастап «АПК» АҚ «Энергожөндеу» ӨЖК 1 - ЭЖЖЦ қазан жабдығы учаскесінде қазандық және тозаң дайындау цехтарының жабдығын жөндеу жөніндегі 5 разрядты слесірі болып қызмет еткен. Энергетикадағы еңбек өтілі - 44 жыл.

Валерий Ивановичтің жұбайы Дербина Валентина Ефимовна да оқу бітіргеннен кейін энергетика саласында 46 жылдай қызмет атқарған. Еңбек жолын Трипольск ГРЭС –інде 3 разрядты оқшаулаушы болып бастаған. 01.11.1972 жылдан бастап «ЮжКазЭнергоремонт» технигі, кейін 01.07.1994 жылы «АПК» АҚ «Энергожөндеу» ӨЖК кәсіпорнына еңбекті ұйымдастыру және нормалау жөніндегі 1 категориялы инженері болып ауыстырылды. 2010 жылы «Қазақстанның құрметті энергетигі» медалімен марапатталды, «АлЭС» АҚ атынан Алғыс хат алған. Энергетикадағы еңбек өтілі – 46 жыл.
Дербиндердің қызы Наталья Валериевна Алматы энергетика институтын инженер-электрик мамандығы бойынша аяқтағаннан кейін «КазремЭнерго» электртехника цехында инженер – технолог болып жұмыс істеген. 1993-1995 жж. - Энергетика ҚазҒЗИ бас энергетигі қызметін атқарды. 1995 жылы Алматы энергетика институтында инженер-экономист мамандығын игеріп, бухгалтер болып жұмыс жасады. 1997 жылы «АПК» АҚ «Энергожөндеу» ӨЖК кәсіпорнында, 1998 жылы «АПК» АҚ Бас кеңсесіне ауыстырылды,ал 2011 жылы «АПК» АҚ «Энергожөндеу» ӨЖК АБҚ бухгалтериясына жетекші бухгалтер болып ауыстырылды. Қазіргі уақытта «Энергожөндеу» ӨЖК ӨД ЭЖЖЦ - 2 еңбекті ұйымдастыру және нормалау жөніндегі инженер. Энергетикада - 12 жыл.
Дербиндер отбасы «Алғыс белгісі» медалімен және «Самұрық - Энерго» АҚ Алғыс хатымен марапатталды.


«АлЭС» АҚ Хайрушиндер, Безрук, Казначеевтер, Поповтар, Окуневтер, Рассказовтар, Абакумовтар сияқты және тағы сондай еңбек әулеттерін мақтан тұтады. Аталған әулеттер жыл сайын өтетін Еңбек әулеттері күніне энергетика саласының өкілдері ретінде үлкен абыроймен қатысып келеді. Аталған отбасылардың барлығы ата-аналарының жолын жалғастырып, жастарға үлгі, өз мамандығына адал болудың үздік үлгісін көрсетіп келеді. Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Жақсылықтар жалғасын таба берсін!