«АлЭС» АҚ «Жарқын болашақ»жастар ұйымының II форумы

2017 жылы 26 мамырда «АлЭС» АҚ «Жарқын болашақ» жастар ұйымының II- форумы өтті. Оған компанияның барлық құрылымдық бөлімдерінен 120 жас маман қатысты. Форумның негізгі мақсаты - белсенді жастарды жұмылдыру және жақсы ортаға біріктіру, жастар ұйымының даму перспективаларын анықтау.

Форумға компания басшылары, ардагер – энергетиктер, «АЖК» АҚ және «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС жастар ұйымының көшбасшылары шақырылды.

«Жастар ұйымы4 жыл бұрын ғана құрылды. Бүгінде жастар ұйымы кадр резервін қалыптастыру, оқытудың дуалды жүйесі, компанияның корпоративтік шаралары сияқты компаниямыздың өткізетін барлық шараларынажұмылдырылады. Жастарға арналған көптеген бағдарламалар жүзеге асырылуда, жыл сайын біздің жас мамандарымыз үшін жаңа жақсы мүмкіндіктер беріледі», - деді жастарға арналған сөзінде Басқарма Төрағасы, Алматы қ. маслихат депутаты Нұрлан Мұхамед-Рахимов. Форумға келген ардагер – энергетиктер Р.Я. Сайфутдинов, Р.С. Турегельдинова, «АлЭС» АҚ кәсіподақ ұйымының төрағасы В.М. Ситдиков жастарға жылы лебіздерін білдіріп, тілек айтты.

Форумның екінші бөлігі топта жұмыс істеуге арналды. Тренингтер барысында жастар топта бірі –бірімен сенім негізінде жұмыс істеуге, тіл табысуға, бірігіп әрекет етуге, қойылған міндеттерді шешуде өзара ақылдасып, кеңесіп, тыңдап, даулы жағдайларды шешуге дағдыланды. Топтық жұмыстың нәтижесінде жастар ұйымының 2017-2020 жж. арналған іс –шаралар жоспарының жобасы жасалды.

«АлЭС» АҚ «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының форумы - қоғамдық өмірге, экономикаға, инновацияға қызығушылық танытатын, белсенді азаматтық позициясы бар, шығармашыл жастарды біріктіретін шара.