Бильярдтан өткен VII – турнирде «АлЭС» АҚ жүлделі екінші және үшінші дәрежелі дипломдаралды

2017 жылы 20 мамырда Астана қ. «Самрук-Энерго» АҚ 10 жылдығына орай «Самрук-Энерго» АҚ Корпоративтік Орталығының қызметкерлері арасында «Пирамида» бильярдынан VII – турнир өтті. «АлЭС» АҚ атынан турнирге Құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор Нұржан Исабаев, Корпоративтік даму басқармасының бастығы Ахметбек Нуржанов, корпоративтік хатшы Еркен Есполов, 1-ЖЭО өндірістік департаментінің жөндеулер қызметінің бастығы Сергей Аметов қатысты.

«Турнир Еркін пирамида бойынша өткізілді. «Самрук-Энерго» АҚ бильярд спорт ойынының дамуы мен таралуында жақсы дәстүр қалыптасқан. Осы өтіп жатқан турнир «Самрук-Энерго» АҚ ұжымы мен еншілес – тәуелді ұйымдары ұжымдарындағы корпоративтік рухты арттыруға бағытталатын тұрақты жұмыстардың тағы да бір көрнекті дәлелі болып отыр, - деп атап көрсетті «АлЭС» АҚ Құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры - Басқарма мүшесі Нұржан Исабаев.

Аталған турнирдің жеңімпаздары: бірінші дәрежелі диплом «Самрук-Энерго» АҚ «Корпоративтік қаржыландыру» бөлімінің басшысы Айдар Нургалиевке тапсырылды. Ал екінші дәрежелідипломмен«АлЭС» АҚ Корпоративтік даму басқармасының бастығы Ахметбек Нуржанов марапатталды. «АлЭС» АҚ командасының мүшесі Еркен Есполов үшінші дәрежелі диплом жүлдегері атанды.

Барлық жеңімпаздар «Самұрық – Энерго жергілікті кәсіподағы» ҚБ қолдауымен дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.