Бау – бақшалы қаламызды жандандырайық!

2017 жылы 20 мамырда «Алматы электр станциялары» АҚ қызметкерлері «Алма қала» көшет отырғызуакциясына қатысты.

«Компаниямыздың ұжымы маслихат депутаты Ерлан Стамбековтың оңтүстік астанамызды ең жасыл және тазақала ретінде жандандыру идеясына үлкен қолдау көрсетті. Компания қызметкерлерінің күшімен сенбі таңында Каскад ГЭС – 39 түп, 3-ЖЭО – 100 түп алма ағашының көшеті отырғызылды» - деп хабарлады Нұрлан Мухамед-Рахимов, «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы, Алматы қ. маслихатының депутаты.

«Алма қала» көшет түптерін отырғызу акциясына «АлЭС» АҚ атынан 150 адам қатысты.