Алматы 2-ЖЭО –сында спорт маусымы басталды

2017 жылғы 3 мамыры мен 19 мамырын қоса алған мерзімде Алматы 2-ЖЭО –сында кезекті спорт маусымы ашылды. 2-ЖЭО–ның цехтары арасында мини- футбол және волейболдан жарыстар өтті. Минифутболдан жарысқа 6 команда, волейболдан -7 команда қатысты.

Мини – футболдан өткен жарыс қорытындысы бойынша жылу автоматикасы және өлшеулер (ЖАӨЦ) цехының командасы 1 орынды қанжығасына байлады. Екінші орынды электр цехының командасы иеленді. 3 орынды қазан цехы алды.

- Станцияда өткізілетін спорттық жарыс ойындары – тамаша үрдіс. Менің командам екінші жыл қатарынан жеңіске жетіп отыр. Біздің командалық ойынымыз ұнады. Осы қарқынымызды алдағы уақытта да сақтаймыз, - деді ЖАӨЦ командасының капитаны Бейбут Байнусиров.

Волейболдан өткен жарыс ойындарының қорытындысы бойыншабірінші орынды - электрцехының командасы, екінші орынды - ЖАӨЦ командасы, ал үшінші орынды –химиялық цехының командасы алды.

Жарыс ойындарының соңында жеңімпаздарға грамоталар, кубоктар тапсырылды.