Ұлы Отан соғысыардагерлеріне құрмет көрсетілді!!!

Ұлы Отын соғысының ардагеріВиктор Павлович Гуляевты құттықтау сәті
Ұлы жеңіс мерекесінің қарсаңында «Алматы электрстанциялары» АҚ- да Ұлы Отан соғысының ардагерлеріГуляев Виктор Павловичке, Заец Василий Матвеевичке, Курганов Михаил Николаевичке, Толстых Федор Егоровичке - құрмет пен сый- сияпат көрсетілді. «АлЭС» АҚ басшылығы және жастар ұйымы ардақты ардагерлерімізді Жеңіс күнімен үйлеріне барып құттықтады.


Гуляев Виктор Павлович Гомель әскери жаяу әскер училищесінен кейін 1942 жылдың желтоқсанында әскерге шақырылды. Гвардиялық Қызыл ту танкбригадасының құрамында Виктор Павлович Ресейдің оңтүстігін, Украинаны, Молдавияны фашистерден азат етуге қатысты. 6 - неміс армиясының штабын қиратқаны үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталды. Виктор Павлович Румынияны, Болгарияны, Югославияны, Венгрияны, Чехословакияны азат етуге қатысқан. Соғыс аяқталып, бейбіт өмір орнағанда ол қызмет бабымен Қапшағай ГЭС –інің құрылысы мен жұмысынажетекшілік етті. Станцияның дамуына қосқан зор үлесі үшін энергетиктер қауымы Виктор Павловичті ерекше құрметтейді, өзіміз деп санайды.


Ұлы Отын соғысының ардагеріВасилий Матвеевич Заецты құттықтау сәті1943 жылдың қарашасында Заец Василий Матвеевич Қызыл әскер атқыштар дивизиясының қатарына шақырылды. Вязьма түбінде болған ұрыс оның алғашқы сынағы болды. Жан алып, жан беретін шайқастарға қатыса отырып, ол Орша, Барановичейге, кейіннен – Балтық жағалауына дейін барған. Жарақат алды, госпитальда емделді, соғыс аяқталғаннан кейін тамыз айындаәскер қатарына қайта оралды. 1950 жылдың қазанына дейін демобилизацияланғанша әскер қатарында болды. Василий Матвеевичтің ерлігін дәріптейтін - «Отан соғысы» ордені, «Ерлігі үшін» екі медалі, «Еріктілігі мен еркіндігі үшін», «Одырнейсен мен Балтиканы алғаны үшін» поляк медальдары, сонымен қатареңбегінің марапаты - төс белгілері бар.


Ұлы Отын соғысының ардагері Михаил Николаевич Кургановты құттықтау
КургановМихаил Николаевич майданға 17 жасында кеткен. Қатардағы жауынгер ретінде Еуропаны жүріп өткен. Эльбаға жетіп, Жеңісті Германияда қарсы алған. Сұрапыл соғыс жылдарын есіне алғанды ұнатпайды. Соғыстан кейін Алматы энергетикасында қырық жыл еңбек етті. Әріптестері оның қал – жағдайын сұрастырып, көңілін аулап тұрады.

Ұлы Отын соғысының ардагері Егор Федорович Толстыхты құттықтау
Толстых Федор Егоровичәскер қатарына 1940 жылы қабылданды. Иркутск әскери мектебін аяқтап, авиамеханик мамандығын игерді. Истребительдер авиаполкінің құрамында 1945 жылғы шілде – тамызда Жапониямен болған соғысқа қатысты. Алты жылдан кейін запасқа шықты.Соғыс салған іздері– жарақаттары да бар, ал ерлігі «Қызыл жұлдыз» орденімен, «Ерлігі үшін» екі медальмен, «Әскери ерліктері үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін» және «Германиядағы жеңіс үшін» медальдарымен марапатталған. 1951 жылдан бастап және зейнет жасына жеткенге дейін Алматы электрстанциясында (қазіргі – 1-ЖЭО) жұмысшы болып еңбек етті. Жұмысшы мамандығына қарамастан, қан майданда қандай ерлік танытса, бейбіт өмірде дедәл солай адал еңбек еткен. Еңбектегі атақтары, ордендері – әскери марапаттарына лайықты.
«Сұрапыл соғыс жылдары Отан үшін отқа түсіп, құрбан болған және тауқымет көрген, сөйтіп бізге бейбіт өмір сыйлаған, қан майданнан аман оралған ардагерлер қатары жыл өте сиреп келеді. Сондықтан, оларға құрмет көрсетуді парыз санайтын «Алматы электр станциялары» АҚ жақсы дәстүр бар. Бізге ашық аспан, бақытты тіршілік сыйлағанардагерлердің - қаһарман батырлардың әрқайсысы сый – құрметке лайықты, - дейді «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы, қалалық маслихат депутаты Нұрлан Мухамед-Рахимов. –Біз аталарымыз бен әкелеріміздің ұлы ерліктерін жадымызда сақтаймыз, өскелең ұрпаққа аманат етеміз. Жыл сайын «Мәңгілік полк» шеруіне қатысатын қызметкерлеріміздің саны артып келеді».
Рамия.Сулейменовна Турегельдинованың «Мәңгілік полк» шеруінде
«АлЭС» АҚ омбудсмені Турегелдинова Рамия Сулейменқызы «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылардың бірі, оның әкесі Турегелдинов Сулеймен Белорус майданында десант әскерінің қатарында болған.
«Осы Ұлы мерекені отбасымызбен тебірене қарсы аламыз. Біз «Мәңгілік полктың» 40 мыңдық маршының қатарында Алматының бас көшелерімен 28 панфиловшылар паркіндегі мәңгілік алауға дейін жүріп өттік. Ағамның қолындаәкемнің бауырының, менің қолымда әкемніңфотопортреті, жиендеріміз өз аталарының суретімен шықты. Кеудемізді мақтаныш, бауырмалдықсезімі кернеді. Айналадағы адамдар майдан әндерін айтып, «Ура», «Рахмет» деп ұрандатты. Осындай шерудің қадір –қасиетінтолықтай сезіндік», - деп әңгімелеп берді Рамия Сулейменовна.