«АлЭС» АҚ: Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесінің құрметіне көшеттер отырғызылды

2- ЖЭО аумағында Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі күніне арналған ағаш көшеттерін отырғызу шарасы ұйымдастырылды. 2-ЖЭО қызметкерлері Алатау ауданы әкімдігі өкілдерінің, «Нұр Отан» ХДП мүшелерінің, еріктілердің қатысуымен 250 түп алма ағашының көшеттерін отырғызды.

«Осы аталған науқанға қатысушының әрқайсысы көтеріңкі көңіл – күй мен жағымды эмоцияларға кенелді. Сол күнгі ауа - райы да қолайлы, жақсы болды –көшеттер отырғызу бейбіт аспан және жарқыраған күн астында өтті», - деп атап көрсетті «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы, қалалық маслихат депутаты Нұрлан Мұхамед-Рахимов.