«Энергетикалық жабдықты жөндеу» біліктілікті жоғарлатудың жаңа курсы

1-ЖЭО Басқарушы директоры – Басқарма мүшесі Ғ.С. Жаңбыршының бастамасы бойынша негізгі және көмекші жабдықтарға жөндеу жүргізетін қызметкерлерді оқыту үшін «Энергетикалық жабдықты жөндеу» бағдарламасы бойынша біліктілікті жоғарлатудың жаңа курсы әзірленді. Курс бағдарламасы жөндеу жұмыстарын жоспарлау, негізгі іс-шаралар, жөндеудің желілі және сызықтық кестелерін құру бойынша өзекті мәселелерден тұрады. Оқытушы Әжімұратов Асылхан Рахымұлы («Энергожөндеу» ӨЖК зейнеткері) өзінің тәжірибесімен бөлісті.

«Бұл оқу танымды, әрі жемісті болды. Мен негізгі жабдықты жөндеудің желілік кестесін құруды үйрендім. Бұл дағды менің жұмысыма өте қажет»,- деп «Энергожөндеу» ӨЖК жөндеулер қызметінің бастығы Иманқұлов Айдар өз пікірін жеткізді.

2017 жылдың сәуір айында 2 топ оқытылды, аталған топтардың құрамында жөндеулер қызметінің басшылары мен инженерлері, өндірістік департаменттердің бас инженерлері мен олардың орынбасарлары болды. 2017 жылдың басынан аталған курс бойынша 53 адам оқытылды.