«Алматы электрстанциялары» АҚ-да реттелетін қызметтерді ұсыну жөнінегі қызметі туралы «АлЭС» АҚ-ның 2016 жылға арналған жыл сайынғы есебі бойынша тыңдаулар өткізілді

2017 жылдың 19 сәуірінде «АлЭС» АҚ-да «Табиғи монополиялар туралы» ҚР заңына сәйкес тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында 2016 жылдағы жылу энергиясын және химиялық тазартылған суды өндіру бойынша реттелетін қызметтерді ұсыну жөніндегі жыл сайынғы берілетін есебіне тыңдаулар өткізілді.

Қоғамдық тыңдауға уәкілетті және мемлекеттік органдардың өкілдері, ҚР ЭМ ТМРжБҚКД тәуелсіз сарапшылары, Алматы қ. Ардагерлер Кеңесінің қалалық және аудандық ардагерлері, БАҚ, «АлЭС» АҚ Басшылығы қатысты.