Сенімділік пен сапаға салынатын инвестициялар («АлЭС» АҚ-ның ҚР ЭМ-мен 2015 жылға арналған Инвестициялық келісімін орындау) (2)

ҚР Энергетика Министрлігімен жасалған инвестициялық міндеттердің орындалуы туралы келісімге сәйкес «АлЭС» АҚ 2015 жылға арналған инвестициялық міндеттері 15 072,1 млн.теңгені құрады, соның ішінде өзіндік қаражат есебінен 5 406,0 млн. теңге, қарыз қаражат есебінен 9 666,1 млн. теңге. Іс жүзінде орындалғаны 15 072,1 млн.теңгені құрады, соның ішінде өзіндік қаражат есебінен 5 406,0 млн. теңге және қарыз есебінен 9 666,1 млн. теңге (100%).
Инвестициялық келісім шеңберінде келесі негізгі іс-шаралар жүзеге асырылды/жүзеге асырылып жатыр:
• өндіріс көлемдерін ұлғайтуға бағытталған, соның ішінде: «Алматы 2-ЖЭО қайта құру және кеңейту. III-кезек. №8 қазанагрегаты» жобасы бойынша құрылыс-монтажды жұмыстары аяқталу сатысында. Жобаны жүзеге асырғаннан кейін электр энергиясын қосымша жылдық өндіру 450 млн. кВт*ч құрайды және жылу энергиясын жіберу жылына 1 150 мың Гкал-ға дейін ұлғайтылады;
• өндірістегі шығындарды төмендету бойынша, соның ішінде: 2-ЖЭО Көк-Өзек су қоймасынан суды алу үшін құрылыстар мен гидропостты салу; 2-ЖЭО №1 күл үйіндісінің №1 секциясындағы сүзгілеуге қарсы экранын қалпына келтіру.
• өндіріс деңгейін ұстап тұру бойынша, соның ішінде: 2-ЖЭО бас бу құбырын қайта құру (1-кезек); Қапшағай ГЭС қоздыру жүйесін жаңарту; Қапшағай ГЭС гидроагрегаттарын реттеу жүйелерінің май-ағынды қондырғыларын қайта құру.
• күл үйінділер құрылысы, соның ішінде: 2-ЖЭО күл қожды жоюдың аралас жүйесі (4-ші технологиялық кезең); 3-ЖЭО күл үйіндісін қайта құру және кеңейту (1-ші кезең).
2015 жылда орындалған іс-шараларды жүзеге асыру:
 «АлЭС» АҚ белгіленген электр қуатының пайдалану коэффициентін жоспардағы көлеммен салыстырғанда 0,6%-ға көбейтуге мүмкіндік берді, атап айтқанда электр энергияны өндіруді 63 362 мың кВт*с. көбейту есебінен 46,9%-ға ұлғайтуға қол жеткізілді;
 уақытымен жөндеу компанияларын өткізу есебінен технологиялық бұзушылықтар санын 134-тен 123-ке дейін (8,6%-ға) азайтуға мүмкіндік берді.

«Алматы Электр Станциялары» АҚ «Самұрық-Энерго» АҚ құрамына кіреді. Алматы электр станциялары Алматы қаласы мен Алматы өңірі бойынша негізгі энергия қайнар көздері болып келеді.
«АлЭС» АҚ энергокешендерінің құрамына 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО, Батыс жылу кешені, Қапшағай ГЭС, Каскад ГЭС, «Энергожөндеу» өндірістік жөндеу кәсіпорны, ОҚТО кіреді.