«Алматы электр станциялары» АҚ-сында 1-ЖЭО мерейтойы атап өтілді

    2015 жылғы 25 қазанда «Алматы электр станциялары» АҚ өндірістік департаменті - 1-ЖЭО – ның құрылғанына 80 жыл толды.
    Пайдалануға беру кезеңінде станция Алматы ОЭС (Орталық Электр Станциясы) деп аталып, көмір тас жағып жұмыс істейтін. Бүгінде 1- ЖЭО негізгі отын ретінде табиғи газды пайдаланады. Алғаш рет Алматы 1- ЖЭО жылуы 1961 жылы берілген болатын.
    80 жыл ішінде станцияның электр қуаты 14 есе, ал өндірілетін электр энергия жылдық көлемі 220 есеге артты. Алдағы уақытта газды турбиналық технологиялар базасында жаңа энергия көзін орнату арқылы 1-ЖЭО –ны кеңейту жоспарланған.
    Алматы 1- ЖЭО Алматы қаласының көне энергетикалық кәсіпорындарының бірі. Станция қаланың энергетикалық орталығы, қала тұрғындарын жылу және электр қуатымен сенімді түрде қамтамасыз етеді. Станциядағы жұмыс ауыр, алайда құрметті. Алматы 1- ЖЭО – да 426 адам еңбек етеді, олардың көбі энергетиктер әулетін жалғастырушылар. Станция ұжымы жоғары кәсібилікпен, ұйымшылдықпен, өз ісіне деген адалдықпен ерекшеленеді. 1-ЖЭО Қазақстан энергетикасы үшін кадрлар шеберханасы болды. Алматы 1- ЖЭО – сы тұтынушыларды сенімді түрде электр энергиясымен қамтамасыз етуді, сонымен қатар қаланың және қала тұрғындарының жайлылығына қамқорлық жасауды өз миссиясы деп қабылдайды.
23 қазанда Алматы 1- ЖЭО –ның 80 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиналыс болып өтті. Оған 1- ЖЭО қызметкерлері, энергетика саласының ардагерлері, «Самұрық -Энерго» АҚ және Алматы қ. мемлекеттік билік өкілдері.
    Кәсіпорын ардагерлеріне және 1-ЖЭО жұмыс атқарушы қызметкерлеріне құрмет грамоталарымен және ескерткіш сыйлықтар тарту етілді. 1-ЖЭО ұжымының күшімен станция туралы фильм және концерттік бағдарлама әзірленді.

044

 

045