Алматы қаласының әкімі «АлЭС» АҚ –ға келді

    2015 жылдың 16 қыркүйегінде Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қала шаруашылығының алдағы 2015 – 2016жж. жылу беру маусымына дайындығын тексеру шеңберінде 2–ЖЭО-ға келді. «Алматы электр станциялары» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Нұрлан Мұхамед - Рахимов қала әкімін компания қызметімен таныстырды.
    Әкім 2-ЖЭО–да турбина цехын, №1 және №5 блоктық басқарудың қалқанын, бойлерлікті аралады.

1

Анықтама

    Алматы 2– ЖЭО бірегей типті жылу электр станциясы. Сейсмикалық қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында станция 12 метрге тереңдетілген.
    Станцияда іске қосылған сейсмотұрақты, бу өнімділігі 420 тонна/сағатты құрайтын қазан агрегаттары мемлекеттегі алғашқылардың бірі.
Алматы 2- ЖЭО құрылысы екі кезеңде жүргізілді:
    • құрылыстың 1 - кезеңі 1978-1983 жылдары іске асырылды. Осы кезеңде БКЗ-420-140-7C типті үш бу қазаны және ПТ-80/100-130/13 типті үш бу турбинасы пайдалануға берілді.
    • құрылыстың 2- кезеңі 1984-1989 жылдарды қамтыды. Бұл кезеңде алдыңғыларға қоса тағы БКЗ-420-140-7C типіндегі төрт бу қазаны, Р-50-130/13 типіндегі бір бу туpбинасы және Т-110/120-130-5 типті екі бу турбинасы іске қосылды.
    Бүгінде «Алматы электр стациялары» АҚ құрамындағы Алматы 2-ЖЭО – сы Алматы қаласы және Алматы облысы үшін электр және жылу энергиясын құрамдастырып өндіру бойынша Қазақстанның аса ірі жылу электр ортылығы болып табылады. Станцияның негізгі отыны Екібастұз көмір бассейнінің көмірі, ал от жағу үшін мазутты пайдаланады.