«АЛЭС» АҚ АЛМАТЫ 2-ЖЭО-ДАН БАСТАП БАТЫС ЖЫЛУ КЕШЕНІНІҢ ОРТАЛЫҚ ЖЫЛУ ТАРАТУ ПУНКТІНЕ ДЕЙІН ЖЫЛУ МАГИСТРАЛІНДЕ ГИДРАВЛИКАЛЫҚ СЫНАҚ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

    Алматы қаласы жергілікті халқының, кәсіпорындары мен ұйымдар басшыларының назарына:
2015ж. 27 шілдесінде сағат 8:00-ден бастап 17:00-ге дейін Алматы 2-ЖЭО-дан бастап (орналасқан мекенжайы: Алматы қ., Алатау ауданы, Алғабас ықшам ауданы, 7-көше, 130-үй) «АлЭС» АҚ Батыс Жылу Кешенінің Орталық жылу тарату пунктіне дейін (орналасқан мекенжайы: Алматы қ., Әуезов ауданы, Төле Би к., 308-үй) 2-ЖЭО-БЖК жылу магистраліне гидравликалық сынақ жүргізіледі.

    Осыған орай, «Алматы электр станциялары» АҚ сынақ жүргізілетін аудандағы (Алғабас ықшам ауданы Ақсай көшесі, «Арман» базары, Марғұлан көшесі, Трудовая көшесі, «Алтын бесік» ықшам ауданы, «Ақсай 3» ықшам ауданы, «Ақсай 3А» ықшам ауданы, «Ақсай 3Б» ықшам ауданы, «Ақсай 2» ықшам ауданы, Саин көшесі (Төле би көшесі мен Қабдолов көшесі аралығында), «Сайран» Орталық халықаралық автовокзалының батыс жағы (Саин көшесі мен Өтеген батыр көшесі аралығында)) барлық тұрғындарға қауіпсіздік техникасы ережесін сақтауларын, жылу магистралінің зақымдануынан ауыр жарақаттар алып қалмауы үшін сақ болуларын сұрайды.

    Жазатайым жағдайларды болдырмау үшін кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары жылу магистраліне сынақ жүргізілетін күзетілетінаймақтан, нақтырақ айтқанда жылу магистралінің екі жағынан да 25 метр арақашықтықтан адамдарды алып шығулары керек.

    Қосымша ақпаратты «АлЭС» АҚ-ның келесі телефоны арқылы алуға болады: 8-(727)-227-70-21.