«АлЭС» АҚ «АлЭС» АҚ құндылықтары» фотоконкурсына қатысуға шақырамыз

Құрметті әріптестер!

Сіздерді «АлЭС» АҚ құндылықтары» фотоконкурсына қатысуға шақырамыз

Конкурс мақсаты: «АлЭС» АҚ қызметінің жағымды беделін арттыру, қызметкерлердің бойында корпоративтік ынтымақтастық сезімін тәрбиелеу.
«АлЭС» АҚ құндылықтарын, оның энергетика саласындағы ролі мен дамуына қосқан үлесін насихаттау конкурстың негізгі міндеті болып табылады.
Қатысушылар:
Конкурсқа «АлЭС» АҚ –да жұмыс істейтін кез келген ынталы қызметкер қатыса алады.


Конкурс жобаларына қойылатын талаптар:
Конкурсқа авторлардың 2015ж. түсірген түрлі түсті және қара – ақ фотосуреттері қабылданады. Конкурсқа қатысу үшін бір автордан қабылданатын жұмыс саны 7 – ден артық болмауы тиіс.
Фотожұмыстар электронды нұсқада қабылданады (А3 форматында басып шығаруға жарамды JPEG форматы).
Конкурс номинациясы
«АлЭС» АҚ құндылықтары» («Құзыреттілік», «Кәсібилік», «Жауапкершілік», «Қауіпсіздік», «Тиімділік», «Біртұтас команда» және т.б.).
Конкурс материалдарын іріктеу критерийлері
 фотоконкурс тақырыбына лайықтылық және оның ашылуы;
 фотосуреттегі идеяның айқындығы, сонылығы;
 сапалылық, орындаушылық және көркемдік шеберлік;
 стильдегі бірлік, композициялық және функционалдық шешім;
 фотосурет сапасы.
Конкурсты өткізу шарттары:
Конкурсқа келіп түскен жұмыстарға баға беру үшін «АлЭС» АҚ қазылар құрамын қалыптастырады, оған энергетика ардагерлері, Басқарма мүшелері, Қоғамның кәсіподақ және жастар ұйымының өкілдері қатысады.
Конкурсты өткізу кезеңдері:
2015 ж. 15 шілдесі – қатысушыларға конкурс туралы хабарлау;
2015 ж. 25 қыркүйегіне дейін – конкурсқа жұмыстар қабылдау;
2015ж. 15 қарашасына дейін – қазылар алқасының шығармашылық жұмыстарды бағалауы, жеңімпаздар тізімін белгілеуі.
Конкурсқа қатысушыларды марапаттау:
Конкурс финалына шыққан қатысушылар лайықты дипломдармен және материалдық сыйлықтармен марапатталады.
Фотосуреттер электронды поштаға қабылданады: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. . (Ұсынылған жұмыстар кері қайтарылмайды және «АлЭС» АҚ меншігі болып саналады).
Электронды поштаға жіберілетін фотосуреттерге сілтемеден таба алатын (қараңыз: http://www.ales.kz, сайттың «Медиа» бөлімі, «Конкурстар» тармағы) нысанға сай өтінішті қоса беру қажет.