«Алматы электр станциялары» АҚ-да жылу энергиясына арналған тарифтердің шекті деңгейлерінің жобасы туралы қоғамдық тыңдау өткізілді

    «АлЭС» АҚ-да 2015 жылдың 8 шілдесінде 2015-2019 жж. арналған жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметтер тарифтері шекті деңгейінің жобасы туралы қоғамдық тыңдау өткізілді. «АлЭС» АҚ, сарапшылар, қоғамдық ұйымдар және т.б. қатысқан қоғамдық тыңдауды уәкілетті орган өкілдері жүргізді.
    «АлЭС» АҚ тарифтердің жобасын, тарифтерді көбейтудің негізгі факторларын негіздеп көрсетті, 2015-2019 жж. арналған болжамды тарифтік сметаны ашып көрсетті.
    Пікірталас конструктивті сипатта өтті.

2015-07-16 062915