«Эдельвейс» балалар сауықтыру лагерінде бірінші маусымның ашылуы

    2015 жылдың 24 маусымында энергетиктер кәсіподағының қала сыртында орналасқан «Эдельвейс» балалар сауықтыру лагерінің маусым ашары болып өтті. «Эдельвейс» - шаттық пен қуаныштың, балғын балалықтың, достық пен қамқорлықтың мекені.
    «Эдельвейс» лагері Алматы қаласынан 13 шақырым жерде, Іле Алатауының экологиялық таза ауданында теңіз деңгейінен 1800 м биіктікте орналасқан. Балалар лагерінің бағдарламасы жарқын шаралар мен оқиғаларға толы (тауға саяхат, би кештері, флэшмобтар, спорт жарыстары және т.с.с.). Осыларға қатыса отырып, балалар жағымды эмоцияларға кенеледі, жаңа достар жинайды, өз қабілеттері мен дарындарын жүзеге асыру мүмкіндігін алады.
Лагердің бірінші маусымында жастары 7 мен 15 аралығындағы 140 оқушы демалып, сауығады. 7 шілдеде аяқталатын бірінші маусымнан кейін, артынша шілденің 9 мен 24 аралығын қамтитын 2 маусым басталады, ал соңғы 3 маусым шілденің 27 – сі мен тамыз айының 11 –і аралығын қамтиды.

detskii lager 2015