«АЛЭС» АҚ: ЭНЕРГЕТИК КҮНІНДЕГІ САЛТАНАТТЫ МАРАПАТТАУ

    Энергетик күні қарсаңында 2015 жылдың қорытындысы бойынша «АлЭС» АҚ – да үздік қызметкерлерді марапаттау салтанаты болып өтті. Осы салтанатты жиналысқа мемлекеттік орган өкілдері, ардагер энергетиктер, серіктестер шақырылды.
    Кәсіби мереке - Энергетик күні құрметіне «АлЭС» АҚ –ның 85 қызметкері марапатталды. Алматы қ. әкімінің орынбасары Ерлан Аукенов Қазақстан Республикасының жоғары наградасы «Ерен енбегі үшін» медалін және Алматы қаласы әкімінің алғыс хатын Басқарма Төрағасы Нұрлан Мұхамед-Рахимовқа тапсырды.
Басқарма Төрағасы Нұрлан Мұхамед-Рахимов өз сөзінде «АлЭС» АҚ –ның ұжымын кәсіби мерекемен құттықтап, еңбекқорлық және жұмысқа деген жауапты қарым қатынас үшін алғыс білдірді.
    Қазақстан Электрэнергетикалық Қауымдастығы Ардагер энергетиктер кеңесінің төрағасы Нүрпеисов Советхан Сейтқалиұлы «ҚЭҚ еңбегі сіңген энергетик» төс белгісі мен куәлігін «АлЭС» АҚ Құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Надежда Байжановаға, БЖК Бас инженері Сәбит Жыңғылбаевқа, 2-ЖЭО Басқарушы директорының күрделі құрылыс жөніндегі орынбасары Владимир Бычковқа, 2-ЖЭО электр цехы бастығының орынбасары Георгий Юстуске, 1-ЖЭО электр техникалық зертхана бастығы Сатыбалды Иембердиевке, «АлЭС» АҚ Бас инженерінің экология жөніндегі орынбасары Рамиль Галиевке, 1- ЖЭО электр станциясының ауысым бастығы Марат Сыздықбаевқа, Каскад ГЭС гидротехникалық цехының бастығы Сергей Поповқа тапсырды. «ҚЭҚ Энергетика ардагері» Құрметті атағы ОҚТО басқарушы директоры Бақтыбек Шоланбаевқа, «Энергожөндеу» ӨЖК бас инженерінің орынбасары Владимир Денскевичке, 3-ЖЭО электр техникалық зертхана бастығы Юрий  Чигриновке берілді. ҚЭҚ Құрмет грамотасы 5 қызметкерге тапсырылды.
    ҚР Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасымен Диспетчерлік басқарма диспетчерлік қызметінің бастығы Төлеген Көшкінбаев, БЖК логистика бөлімінің бастығы Елена Бондарева марапатталды. ТМД электр энергетикалық кеңесінің еңбегі сіңген энергетигі жоғары атағы 2-ЖЭО басқарушы директоры Фазоил Салимовқа тапсырылды.
    Сонымен қатар, компания қызметкерлері «KAZENERGY» Қауымдастығының, «Самұрық – Қазына» Ұлттық әл – ауқат қорының, «Самұрық –Энерго» АҚ, «Алматы электр станциялары» АҚ құрмет грамоталары және алғыс хаттарымен марапатталды.

0193

0194