«АлЭС» АҚ ЭКЕАЖ өнеркәсіптік пайдалану мерзімін ұзартты

    Жүйелі оператор 2015 жылғы 9 желтоқсанда акті жасай отырып, «АлЭС» АҚ –ның электр энергиясын коммерциялық есептеудің автоматты жүйесін (ЭКЕАЖ) өнеркәсіптік пайдалану мерзімін ұзартты. Осы аталған актінің негізінде «АлЭС» АҚ көтерме және теңдестіруші нарықта электр энергиясы бойынша толық көлемде сауда жасау құқығын иеленеді. 
    ЭКЕАЖ компанияда 2011 жылдан бастап қолданылады. Осы жүйе «Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы» ҚР Үкіметінің №190 қаулысының (18.02.2014ж. №190) және «Электр энергиясын коммерциялық есептеудің автоматты жүйесін жасау бағдарламасын бекіту туралы» ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің бұйрығының (18.08.2004 жылғы №183) негізінде құрылған болатын. «АлЭС» АҚ ЭКЕАЖ жасау жұмыстары инвестициялық бағдарлама шеңберінде «Есептік тарифті айқындау, шекті және жек тарифтерді бекіту қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысымен (10.03.2009 жылғы №277 ) қарастырылған қаржы қаражат есебінен орындалды. 
    «АлЭС» АҚ электр энергиясын коммерциялық есептеудің автоматты заманауи жүйесі меншікті энергияны тұтынудың толықтай барысын бақылауға, энергоресурстар жеткізушілерімен келісе отырып, өзінің меншікті энергия шығындарын азайтуға, әр түрлі тарифтік жүйелерге икемді ауысуға мүмкіндік береді. Энергияны есептеудің автоматтандырылған құралдарын пайдалану адамның осы кезеңдегі өлшеу, деректерді жинау және өңдеу жұмыстарына қатысуын азайтып, энергоресурстарды жеткізушілердің тарапынан, тұтынушылар тарапынан энергетикалық ресурстардың әділ, нақты, жедел және икемді есепке алынуын қамтамасыз етеді. 
    Электр энергиясын өндіруді шұғыл бақылау және басқару - ЭКЕАЖ пайдаланудың мәнін құрайды.

0234