«АЛЭС» АҚ: ПАРТИЯ ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАУ САЛТАНАТЫ

    Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесінің қарсаңында «Алматы электр станциялары» АҚ бір топ қызметкерлерін «Нұр Отан» партиясы қатарына қабылдау салтанаты өткізілді. «АлЭС» АҚ «Нұр Отан» ХДП бастапқы партия ұйымының төрағасы, Атқарушы директор Манат Өксікбаев 11 қызметкерге белгіленген үлгідегі партия мүшесінің билетін салтанатты түрде табыстады.

    Солардың ішінде 2- ЖЭО Басқарушы директоры Ф.Ф. Салимов, турбина цехының аға машинисі С.С.Тютебаев, химиялық цехтың ауысым бастығы Н.Л.Саидуллина, экономист А.Д.Айтенов, химиялық цехтың бастығы А.С.Ахмедов, инженер технолог Н.Т.Найзабеков, «Энергожөндеу» ӨЖК энергожабдықты жөндеу цехынан - цех бастығы С.Е.Кушербаев, аға шеберлер - Б.А.Суанбеков, Б.О.Нартбаев, бастықтың орынбасары М.Д.Ундемисов және еңбекті ұйымдастыру және нормалау жөніндегі инженер Г.А.Захарова.

    – Мен үшін «Нұр Отан» партиясына мүше болу үлкен құрмет. Мен бұл шешімді саналы түрде қабылдадым. Партия мүшесі ретінде мемлекетімізге өз пайдамды тигізе аламын, – деді Болатбек Суанбеков, «Энергожөндеу» ӨЖК энергожабдықты жөндеу цехының аға шебері, еңбек әулетінің өкілі.

    «АлЭС» АҚ «Нұр Отан» партия мүшелерінің бірінші жиналысы 2015 жылдың басында өткізілді, сол кезде «Нұр Отан» партиясының қатарына 19 жаңа мүше қабылданды.

0161