ҰЭМ ТМРжБҚК Алматы қ. бойынша департаменті «АлЭС» АҚ Каскад ГЭС обьекті бойынша магистральді құбырлар арқылы су беру қызметінің тарифін бекітуге арналған өтінімін қарастыру бойынша жария тыңдаулар өткізді

    Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Алматы қ. бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің 2015ж. 17 наурыздағы №219 бұйрығымен бекітілген «Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетілетін қызметтерiне тарифтерді немесе олардың шекті деңгейлерiн бекiтуге арналған өтiнiмдерді қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзу қағидаларына» сәйкес 2015 жылдың 23 қарашасында «Алматы электр станциялары» АҚ Каскад ГЭС обьекті бойынша магистральді құбырлар арқылы су берудің реттелетін қызметі тарифін жеңілдетілген тәртіппен бекітуге арналған өтінімін қарастыру бойынша жария тыңдаулар өткізді .
    Жария тыңдауларға ҰЭМ ТМРжБҚК Алматы қ. бойынша департаментінің басшысы және өкілдері, ҚР ҰЭМ ТМРжБҚК тәуелсіз сарапшылары, «АлЭС» АҚ өкілдері, «Свежесть» Бау - бақша серіктестігі» Тұтынушылық кооперативінің, «Тау Дастархан» ЖШС өкілдері және басқа да тұтынушылар қатысты.
    «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы – Н.Мухамед –Рахимов Каскад ГЭС обьекті бойынша магистральді құбырлар арқылы су беру қызметі тарифінің жобасы бойынша баяндама жасады. Талқылау барысында тыңдауға қатысушылар тарапынан оңтайлы ұсыныстар жасалды.

0111