«АЛЭС» АҚ ЭНЕРГИЯ ӨНДІРУШІ ҰЙЫМДАРДЫҢ 2015-2016ЖЖ. КҮЗГІ – ҚЫСҚЫ ЖҰМЫСҚА ДАЙЫН ЕКЕНІ ТУРАЛЫ ПАСПОРТ АЛДЫ

    «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті «АлЭС» АҚ объектілерінің дайындығын тексерді және 2015 жылғы 29 қыркүйекте Энергия өндіруші және энергия беруші компаниялардың 2015-2016жж. күзгі- қысқы жұмысқа дайын екені туралы паспортын берді.
    Бүгінгі күні «АлЭС» АҚ энергия көздерінде жоспарланған жүктемелерді атқару үшін жөндеуден өткен жабдықтың қажетті саны бар, отынның талап етілетін пайдалану қоры жинақталған.