«АлЭС» АҚ «Самұрық -Қазына» АҚ компаниялар тобы корпоративтік медиаторларының кеңесіне қатысты

    2015 жылы 18 қыркүйекте Астана қаласында Қоғаммен байланыс жөніндегі бас директор Дархан Қалетаевтың басшылығымен «Самұрық -Қазына» АҚ компаниялар тобы корпоративтік медиаторлары мен келіссөз жүргізушілерінің кеңесі болып өтті. Кеңес жұмысына Адам ресурстарын басқару жөніндегі бас директордың орынбасары Гульмира Раисова, «Әлеуметтік серіктестік орталығы» корпоративтік қорының бас директоры Нұрлан Ерімбетов, Қор компаниялары тобының корпоративтік медиаторларының пулына өткен компаниялардың қызметкерлері, сонымен қатар, Қордың еншілес компанияларында медиация институтытының дамуына жауапты қызметкерлер қатысты.
    Кеңесте Қор компаниялары тобы корпоративтік медиаторларының пулы қызметінің мәселелері, оларды әрі қарай мамандандырылған оқыту, сондай ақ, медиаторлар мен келіссөз жүргізушілер институтын насихаттау мәселелері қарастырылды.
    Аталған кеңеске «АлЭС» АҚ атынан Адам ресурстары басқармасы кадр бөлімінің бастығы Руслан Шойбек қатысты, ол «Алматы электр станциялары» АҚ –да медиациялық рәсімдерді пайдалана отырып, еңбек дауларын шешу тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасады.
Семинар шеңберінде тренер–медиаторГульмайдан Урозбаеваның даулардың медиативтік техникасы бойынша шеберлік –классы өтті.

    Кеңес жұмысы жылы және ынтымақтастық көңіл райында өтті.

130 09 2015