«Алматы электр станциялары» АҚ–сы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы қызметкерлерінің арасында өткізілген спартакиада шеңберінде жүлделі үшінші орынды қанжығасына байлады

    2015 жылғы 16 - 17 қыркүйекте «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы қызметкерлерінің арасында Басқарма Төрағасының Кубогы үшін ІІІ спартакиада өтті. Спорттық жарыстар 5 спорт түрі бойынша өткізілді. Атап айтсақ: мини –футбол, волейбол, шахмат, үстел теннисі және армреслинг. «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы үшін жыл сайын өткізілетін спартакиада дәстүрге айналып келеді. Спартакиадаға қатысқан 13 команданың арасында «Алматы электр станциялары» АҚ жалпыкомандалық есеп нәтижесі бойынша үшінші командалық жүлделі орынға ие болды. Командалар құрамынан «Самұрық - Қазына» Қорының спартакиадасында компания намысын қорғайтын «Самұрық-Энерго» АҚ құрамасының негізгі құрамы іріктелді.
    Марапаттау салтанатында жеңімпаз және жүлдегер командаларға естелік медальдар және ақшалай сертификаттар тапсырылды.

2
Спорт түрлері бойынша нәтижелер:

Ерлер арасында үстел теннисінен 2 орын - Айғали Ермұрзаев, Каскад ГЭС автоматика, өлшеулер және байланыс цехының автоматика жөніндегі инженері.
Әйелдер арасында үстел теннисінен «күміс» медальді жеңімпазы - Наталья Рукосуева, 2-ЖЭО АБЖ бөлімінің бастығы.
Әйелдер арасында шахматтан 2 орын - Лариса Тулакшина, 3-ЖЭО элеткр цехының инженері.
Мини-футболдан 3 орын - «Алматы электр станциялары» АҚ.