«АЛЭС» АҚ БАЛАЛАР СУРЕТІ КОНКУРСЫ ӨТТІ

    «Самұрық - Энерго» АҚ дәстүрі бойынша «АлЭС» АҚ жыл сайын 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінің құрметіне балалар суреті байқауын өткізді. Балалардың суреттері 2015 жылғы 1 маусым және 10 тамыз аралығында қабылданды. Конкурс балалардың жасына қарай үш топта өткізілді: 3 жастан 8 - ге дейін, 8 – ден 12 жасқа дейін, 12 жастан 16 жасқа дейін. Әр жас тобының өз аталымы болды. Олар балдырғандар тобында - «Әке, ана, бала – бақытты отбасы», екінші топта - «Менің Қазақстаным болашақта», ал жеткіншектер үшін - «АСТАНА ЭКСПО - 2017» деп аталды.
    «АлЭС» АҚ қызметкерлерінің балалары «Самұрық - Энерго» АҚ компаниялар тобы қызметкерлерінің балалары арасында өткізілген балалар суреті байқауында «Әке, ана, бала – бақытты отбасы» аталымында жүлделі IV орын Нұрдәулет Жандос (6 жас), «Менің Қазақстаным болашақта» атылымында Степанов Роман (11 жас) және «АСТАНА ЭКСПО - 2017» атылымында Акпер Адина (13 жас) жүлделі III орындарды иемденді. Оларға дипломдар мен құнды сыйлықтар тапсырылды.
    «АлЭС» АҚ –да балалар суреті байқауына компанияның 66 қызметкерінің баласы қастысты. «АлЭС» АҚ Кәсіподақ төрағасы В.М.Ситдиков, Инвестициялар және перспективті даму жөніндегі басқарушы директор А.Б.Давлетпакова және Адам ресурстары басқармасының бастығы Д.Т.Шайжанова балаларды құттықтап, байқауға қатысқан баланың әрқайсысына «АлЭС» Ақ кәсіподағы атынан сыйлықтарды тарту етті. Мерекелік концерт бағдарламасында клоундар сабын көпіршігімен шоу көрсетті. Әр балдырған қуаныш пен бақытқа кенелді.

2015-09-09 080646

2015-09-09 080816