«АлЭС» АҚ Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған салтанатты жиналыс

   «АлЭС» АҚ -да Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті. Қазақстан халқы үшін осындай айтулы мемлекеттік мерекемен Еңбек ұжымын Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы Ғазий Исмұхамбетов, «АлЭС» АҚ «Ақсақалдар кенесі» ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмағали Ормамбеков, «Энергия» кәсіподағының төрағасы Валерий Ситдиков құттықтады. Олар құттықтау сөзінде елімізде 20 жыл бұрын қабылдаған Ата заңның жаңа, туелсіз Қазақстан Республикасы жетістіктері үшін сенімді кепіл болғандығын, Қазақстан Республикасы Конституциясы тәуелсіз мемлекетіміздің өркендеуі мен тұрақтылығының негізіне, Республика азаматтарының құқығы мен еркіндігінің кепіліне айналғандығын атап өтті.
    Салтанатты жиналыс шеңберінде заң басқармасымен әзірленген «ҚР Конституциясы» тұсаукесері ұсынылды. Осы аталған тұсаукесерде Ата заңымыздың тарихи кезеңдеріне шолу жасалды.
    Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы құрметiне арналған мерекелiк медаль туралы» қаулысына сәйкес Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы Ғазий Исмұхамбетов салтанатты жағдайда 1-ЖЭО бас инженері Алексей Кимге және 2-ЖЭО қазандық цехының шебері Әуезхан Абиевке «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалін табыстады.
    Салтанатты жиналыс компания қызметкерлері балаларының күшімен әзірленген концерттік бағдарламаға жалғасты. Бағдарламада Ақерке Мұратбек, Малика Байбекова, Дана Тагай, Юлия Виницкаяның орындауында «Қазақстан», «Қазақ елі осындай», «Ризамын», «Туған Жер» әндері айтылды, би биленді.

2015-09-07 171546

2015-09-07 171622