Алматы 2- ЖЭО –ның 35 жылдық мерейтойы

    Ағымдағы жылы Алматы 2-ЖЭО –сына 35 жыл толды. 1980 жылдың 30 тамызында №1қазан агрегаты іске қосылған болатын. Осы күн Алматы облысы мен қаласының тарихындағы айтулы күн болып қалды.
    Мерейтойға орай ұйымдастырылған салтанатты жиналысқа станция ардагерлері, Бас кеңсе өкілдері, басқарушы директорлар шақырылды, станция ақпараттық газеттермен безендірілді.
    Салтанатты жиналысты 2- ЖЭО басқарушы директоры Фазоил Салимов ашты. Өз сөзінде ол станция ұжымын мерейтоймен құттықтап, жиналғандарға 2-ЖЭО-ның дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірді. «2-ЖЭО қызметкерлері күрделі жабдықтармен, жоғары қысыммен жұмыс істейді. Станция қызметкерінің әр қайсысы сенімді әрі үздіксіз жұмысты қамтамасыз етуде үлкен жауапкершілік сезінеді, сондықтан біздің ұжымда нағыз ерлікке дайын күшті және батыл, білікті адамдар жұмыс атқарады. Ұрпақтар жалғастығына, тәжірибе мен кәсібилікке деген құрмет, «энергетик» мамандығы үшін мақтаныш әр қайсымыздың жүрегімізде. Біз әр үйге жылу мен жарық, жайлылық жеткіземіз. Станцияның 35 жылдық жұмысы барысында қазан агрегаттары мен турбина тораптары қайта құрылып, жетілдірілді, бұл өз кезегінде қызметкерлерден жоғары біліктілік пен кәсібилікті тұрақты арттыруды талап етеді» - деді Фазоил Салимов.
     Мерейтоймен станция ұжымын ардагерлер атынан 1985-1987жж. аралығында станция директоры қызметін атқарған Валентин Тихонович Кравцов, кезінде 2- ЖЭО турбина цехы бастығының орынбасары болған Геннадий Александрович Афанасьев, «Балбөбек» балабақшасының директоры, еңбек жолын 2-ЖЭО кадр бөлімінен бастаған Каипжамал Сеитказиевна Тулеубекова құттықтады. Сонымен қатар, 2-ЖЭО ұжымына 20 жылдан астам еңбек сіңірген «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі Бисембек Сабырқұлов, 1- ЖЭО басқарушы директоры Исахан Сырғабаев, ОҚТО басқарушы директоры Бақтыбек Шоланбаев станция ұжымын мерейтоймен құттықтады. Барлық сөз алушылар 2-ЖЭО – ның Қазақстан энергетикасы үшін кадрлар шеберханасына айналғанын атап көрсетті.
     Мерейтой жайлы, бейресми жағдайда мерекеленді. Шақырылған қонақтар ұжымның жұмысын жоғары бағалады және станцияның қала өміріндегі маңызын айтты.
     Жиналыс соңында станцияның 35 жылдығына арналған фильм көрсетілді.

АНЫҚТАМА
    1974 ж. жаңа Алматы жылу электр орталығының (2-ЖЭО) құрылысы басталды.
    Құрылыс «Промэнергопроект» Алматы бөлімі және «Проектстальконструкция ОҒЗИ» қазақ бөлімімен әзірленген жобалық –сметалық құжаттама бойынша Қазақ ССР Энергетика және электрлендіру министрлігінің шешімі (1968 жылғы 5 қаңтардағы №65) негізінде жүзеге асырылған болатын.
    Алматы 2- ЖЭО - бірігей типті жылу станциясы. Сейсмикалық қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында станция 12 метрге тереңдетілген.
    Алғаш рет станцияда сейсмотұрақты орындалған бу өнімділігі 420 тонна/сағат құрайтын қазан агрегаты іске қосылды.
    Іске қосу кешені бойынша құрылыс және жинақтау жұмыстары 1974 жылғы тамыз айынан 1980 жылғы қыркүйек айының аралығын қамтыды. 1980 жылғы 30 тамызда бірінші блок іске қосылды.
    КСРО Энергетика және электрлендіру министрлігінің 1979 жылғы 23 сәуірдегі №80 бұйрығымен тағайындалған Мемлекеттік қабылдау комиссиясы, «Алматы энерго» АБ басқарушысы А.Ж.Жакутовтың төрағалығымен 1980 жылғы 30 қыркүйекте Акт жасады. Осы аталған құжат бойынша Алматы 2- ЖЭО бірінші іске қосу кешені: бас корпус, №1, №2 біріктірілген қосалқы корпус, №1 түтін құбыры, отын шаруашылығы, суды химиялық тазарту, ашық подстанция, трансформаторлар, сукүл жою жүйесі мен күл – қож үю орны, маймазут шаруашылығы, өртке қарсы сорғы, өрт депосы, асхана, теміржол жолдары және автомобиль жолдары құрамында пайдалануға қабылданды.
Алматы 2- ЖЭО құрылысы екі кезеңде жүргізілді:
• құрылыстың 1 кезеңі 1978-1983 жылдары жүргізілді. Осы кезеңде типі БКЗ-420-140-7C үш бу қазаны және типі ПТ-80/100-130/13 үш бу турбинасы пайдалануға берілді.
• құрылыстың 2 кезеңі 1984-1989 жылдарды қамтыды. Бұл кезеңде типі БКЗ-420-140-7C төрт бу қазаны, типі Р-50-130/13 бір бу туpбинасы және типі Т-110/120-130-5 екі бу турбинасы іске қосылды.
Бүгінде «Алматы электр стациялары» АҚ құрамындағы Алматы 2-ЖЭО – сы Алматы қаласы және Алматы облысы үшін электр және жылу энергиясын құрамдастырып өндіру бойынша ірі жылу электр ортылығы болып табылады. Екібастұз көмір бассейнінің көмірі станцияның негізгі отыны, ал мазутты от жағу үшін пайдаланады.
Күрделі құрылыс жоспары бойынша орындалған шаралар:
• 2009-2011ж.ж. мерзімі аралығында – №1÷6 Желдеткішті градирняны қайта құру. Жобаны жүзеге асырудан болатын тиімділік: 98,8МВт электр қуатының шектеуін алып тастау, электр энергиясын өндіруді 362,7млн кВт сағ. арттыру.
• 2009-2013ж.ж. мерзімі аралығында – жаңа бойлер құрылысы. Жобаны жүзеге асырудан болатын тиімділік: Алматы қ. ортиалық бөлігіндегі экологиялық ахуалды жақсарту мақсатымен 1-ЖЭО – дағы өндірісті ауыстырумен жылу энергиясын өндіру көлемін жылына 1млн Гкал дейін арттыру.
Осы аталған жобаларды жүзеге асыру барысында 2- ЖЭО бойынша белгіленген 510 МВт / 1176 Гкал / сағ. қуатқа қол жеткізілді.


«АлЭС» АҚ 2-ЖЭО –ның 2012-2014 жылдардағы негізгі техникалық – экономикалық көрсеткіштері

2015-09-16 062526

2015-09-04 083841

2015-09-04 084035

    2-ЖЭО ұжымы «АлЭС» АҚ басшылығымен негізгі, қосалқы жабдықтың сенімділігін арттыруда және қызмет көрсетуші персонал еңбегінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде белсенді шаралар атқарады.