«АлЭС» АҚ-ға ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты келіп кетті

     2015 жылдың 29 шілдесінде Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» ҚДП фракциясының мүшесі Жазылбеков Нұрлан аймақтардағы жұмыстары шеңберінде 2-ЖЭО-ға келіп кетті. «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасының дамыту жөніндегі орынбасары Жаңбыршы Ғалым депуттатты компанияның қызметімен таныстырды.
     2-ЖЭО еңбек ұжымымен кездесу барысындағы басты тақырып «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарын жүзеге асыру жөнінде болды. Әңгіме сонымен қатар, өндірісті жаңғырту, инвестициялық бағдарламаларды орындау, тариф саясаты, зейнетақы заңнамасын өзгерту, әлеуметтік қамтамасыз ету, кадрларды дайындау және т.с. мәселелер жөнінде қозғалды. «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы мүшелерінің компания мәселелерін шешуге ықпал ететіндігіне ерекше назар аударылды. Н.Жазылбеков турбина цехына, бас басқару қалқанына, бойлер жайларына, градирняларға барып қайтты.

2015-08-05 073440

2015-08-05 073551