«АлЭС» АҚ Қазақстанның энергетика ардагерлерінің республикалық Форумына қатысты


2015 жылдың 18 маусымында Орал қаласында Қазақстанның энергетика ардагерлерінің республикалық Форумы өтті. Форумға Қазақстанның барлық аумақтарынан келген энергетика ардагерлері, Қазақстанның Электр Энергетикасы Қауымдастығының жауапты қызметкерлері, облыстық және қала әкімшілік өкілдері, энергетикалық компаниялар мен кәсіпорындар басшылары, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты. Сондай-ақ, Форум жұмысына Ресей мен Қырғызстанның энергетика ардагерлерінің де делегациясы қатысты.
Форумда «АлЭС» АҚ атынан «Ақсақалдар кеңесі» ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмағали Сатылғанұлы Ормамбеков өкілеттік етті.
2015-07-20 065820

Ашылу рәсімінен кейін Форумға қатысушылар Қазақстанның энергетика саласының даму мәселесін және энергетикадағы проблемаларды талқылады. Форум жұмысын жүргізу барысында Қазақстан энергетика ардагерлерінің 7-ші Республикалық форумының резолюциясы қабылданды.
Форум Қазақстан энергетикасының өнеркәсіптік объектілеріне, мәдени көрікті жерлерге барумен және Ұлы Отан Соғысы жылдарында құрбан болған жандардың мемориалды ескерткіш тақтасына гүлдер шоғын қоюмен аяқталды.
Форум жұмысы достық қарым-қатынастағы жағдайда өтті.

2015-07-20 065900