«Алматы электр станциялары» АҚ-да химиялық тазартылған суды дайындау жөніндегі тарифтердің шеткі деңгейі жобасы туралы қоғамдық тыңдау өтті

    «АлЭС» АҚ-да 2015 жылдың 21 шілдесінде 2015-2019 жылдарға арналған магистральдық құбыр жолдары арқылы суды беру (химиялық тазартылған суды дайындау) жөніндегі қызметтерге арналған тарифтердің шекті деңгейінің жобасы туралы қоғамдық тыңдау өтті. «АлЭС» АҚ, сарапшылар, қоғамдық ұйымдар және т.б. қатысқан қоғамдық тыңдауды уәкілетті орган өкілдері жүргізді.
    «АлЭС» АҚ тарифтердің жобасын ұсынды, тарифтің көбеюіне әкелетін негізгі факторларды және 2015-2019 жылдарға арналған болжамды тарифтік сметаны негіздеді.
    Пікірталас конструктивті сипатта өтті.

2015-07-26 124126