2015 жылғы 4 шілдеде Астана қаласында «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығының, Орталық трансформациялау командасының қатысуымен «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Трансформациялау бағдарламасын іске қосудың салтанатты рәсімі өтті. Еліміздің әртүрлі бөліктерінде орналасқан «Самұрық-Энерго» АҚ-ның барлық еншілес компанияларымен тікелей бейнебайланыста көрсетілуі бағдарламаны іске қосудың елеулі жаңалығы болды. Онлайн режимінде тікелей байланыста болған барлық еншілес ұйымдардың алдында Алмасадам Сәтқалиев «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Трансформациялау бағдарламасының ресми басталуын жариялады.
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Өмірзақ Шөкеев өз сөзінде трансформация «Самұрық-Энерго» АҚ үшін бизнес-үдерістердің тиімділігін арттыруға және энергетикалық холдинг экономикасын жақсартуға бірегей мүмкіндік беретінін атап өтті. Келешекте, портфельді компаниялардың сыртқы дауларға жауап қайтару қабілеті өзгерістердің қаншалықты сапалы және терең жүргізілгенін көрсетеді.
«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев трансформация –компанияның стратегиялық мақсаттарына жетудің кешенді көпжақты үдерісі екеніне ерекше көніл аударды. Операциялық шығындарды төмендету және қоршаған ортаны қорғау бойынша көшбасшы болу «Самұрық-Энерго» АҚ басым мақсаты.
«Самұрық-Қазына» АҚ Ұлттық әл-ауқат қорының және - оның барлық портфельді компанияларының Бизнесті трансформациялау бағдарламасы Мемлекет басшысы Н.Н. Назарбаевтың қатысуымен 2014 жылғы қазан айында бастау алды.
Трансформациялау бағдарламасын іске қосу салтанатына «Самұрық – Энерго» АҚ еншілес компаниясы «Алматы электр станциялары» АҚ басшылығы қатысты.