Еңбек династиялары күнін» мерекелеуге қатысуы

     2015 жылғы 15 мамырда «Самұрық –Қазына» АҚ компаниялар тобы Еңбек династиялары күнін атап өтті. Еңбек династияларын құттықтау мерекесі 2013 жылдан бастап дәстүрге айналды. Осы айтулы мерекеге мемлекетіміздің әр түрлі қалаларынан қор компанияларында жұмыс атқаратын династиялар қатысты. «Самұрық-Қазына» АҚ атынан өкілдік ету құрметі «Алматы электр станциялары» АҚ-ның өкілдері Рассказовтар отбасына сеніп тапсырылды. Рассказовтар отбасының Каскад ГЭС департаментіндегі жалпы өтілі – 136 жылды құрайды. Рассказовтар династиясы «Самұрық -Қазына» ҰӘҚ–да өткен салтанатты жиында медаль және құрмет грамотамен марапатталды.

2015-06-10 060423
       Династияның негізін салушы Ұлы Отан соғысының ардагері Рассказов Николай Прокофьевич өзінің еңбек жолын 1951 жылы Каскад ГЭС–де тракторист қызметінен бастады. Ол 1947-1951жж. 2-пятилетка кеншарында жұмыс істеген. 1948ж. мол өнім алғаны үшін Еңбек Қызыл Ту Орденімен марапатталды. Николай Прокофьевич Каскад ГЭС–інде 37 жыл еңбек етті. 1951 жылы Алматы Каскад ГЭС–іне жөндеу құрылыс цехына жұмысшы болып қабылданып, кейіннен тракторист – бульдозерист лауазымына ауыстырылды. Ол Каскад ГЭС- і құрылысына қатысқан. 

     Николай Прокофьевичтің жұбайы - Евдокия Артёмовна да Каскад ГЭС–де жұмысшы болып еңбек еткен. Оның жалпы еңбек өтілі 25 жыл, тыл еңбеккері. 1947ж. «1941-1945жж. Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Ол Каскад ГЭС-і қызметкерлеріне арналған тұрғын үйлер құрылысына белсенді қатысушылардың бірі болған. Әйел адамы үшін ауыр жұмыстар атқарып, қол зембілмен тас, құм, бетон тасып, илем жасаған.
      Ұлы – Рассказов Виктор Николаевич өзінің атаулы департаменттегі еңбек жолын 1967 жылы 13 тамызда бастады. Жұмыс атқарған жылдары қарапайым жұмысшыдан департаменттің электрлік машина цехының жабдығын пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі жетекші инженер лауазымына дейін көтерілген. Жалпы еңбек және энергетикадағы өтілі 46 жыл. Виктор Николаевич Каскад ГЭС шұғыл қызметкерлерін дайындау және білім деңгейлерін арттыру бойынша үлкен жұмыс атқарды, жас ұрпақты оқытып, өз тәжірибесімен кеңінен бөлісті. 1985 жылы «Жүйедегі жиілік сигнализациясының сызбасы» өнертапқыштық ұсыныс жасады. В.Н.Рассказов В.Н. Алма – Атаэнерго АБ Құрмет кітабына енген, «Он бірінші бесжылдық екпіндісі» белгісімен, бірнеше рет Энергожүйе, Алматы қ. Әкімдігінің, «Самұрық -Энерго» АҚ-ның Құрмет Грамоталарымен, алғыс хаттар және ақшалай сыйлықтармен марапатталған. 2014ж. Виктор Николаевичке «Электр Энергетика Ардагері» атағы берілді.
Қызы - Рысева Ольга Николаевна – кадрлар жөніндегі бас маман. Каскад ГЭС- дегі жұмыс өтілі - 26 жылды құрайды. Осы уақыт аралығында ол өзін сауатты, қабілетті және жауапкершілігі мол қызметкер ретінде танытты. Кадр саясатын өткізуді, кадрлардың кәсіби құрамын анықтауды, оларды таңдап іріктеуді, оқыту мен дамытуды жұмысының басты міндеті деп біледі. Еңбек және қоғамдық қызметтегі жетістіктері үшін бірнеше рет энергожүйенің, «Самұрық -Энерго» АҚ және Каскад ГЭС департаментінің марапат қағаздарымен, алғыс хаттар және ақшалай сыйлықтармен марапатталған. «АлЭС» АҚ Құрмет тақтасына енген. 2015ж. Ольга Михайловнаға «Электр Энергетика Ардагері» атағы берілді.

2015-06-10 060602

      Немересі - Рассказов Николай Валерьевич, Каскад ГЭС –дегі жұмыс өтілі - 7 жыл. Департаменттегі қызмет жылдары арасында ол электр станцияның электр жабдығын жөндеу жөніндегі электр слесірінен, департаменттің электрлік машина цехының жабдығын пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі инженер лауазымына дейін көтерілген. Жұмыс жылдарында өзін білікті, жауапты қызметкер ретінде танытты.
     «АлЭС» АҚ жыл сайын атап өтілетін Еңбек династиялары күнінде энергетика саласына лайықты дәрежеде өкілеттілік ететін Хайрушиндер, Безрук, Казначеевтер, Поповтар, Окуневтер және тағы да басқа династияларды мақтан етеді. Олардың осы өнегесі кәсіпті отбасылық мұра етуге, жастар арасында еңбекке құрмет, мамандыққа деген мақтаныш сезімін тәрбиелеуге ықпал етеді. Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!