«АлЭС» АҚ: ер есімі ел есінде

    Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында «АлЭС» АҚ басшылығы солдат шинелін бейбіт энергетик мамандығына ауыстырып «АлЭС» АҚ департаменттеріне жұмыс істеуге келген Ұлы Отан соғысының ардагерлерін үйлеріне барып құттықтады. Бүгінгі күні ардагер – энергетиктер гвардиясы қатарында Виктор Павлович Гуляев, Василий Матвеевич Заец, Михаил Николаевич Курганов, Егор Федорович Толстых және Валентин Яковлевич Никуличевтер бар. Бір өкініштісі, Владимир Никанорович Никулин Жеңіс мерейтойына жете алмады.
    Басқарма Төрағасы Нұрлан Мұхамед-Рахимов салтанатты түрде компания атынан ардагерлерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерейтойымен құттықтады. «Бүгінде соғыс ардагерлері – дәуіріміздің тірі аңызы. Сіздер өз ерліктеріңізбен және қаһармандықтарыңызбен бүгінгі ұрпақтың бейбіт аспан астында бақытты тіршілік кешу құқығын қамтамасыз еттіңіздер. Бүгінде әрбір соғыс ардагері өскелең жас ұрпаққа үлгі болады. Ардагерлер аман болсын, олардың ұлы ерлігі бәріміздің жадымызда мәңгі қалады». Басқарма Төрағасы ардагерлерге мықты денсаулық, ұзақ әрі баянды өмір, рух сергектігін тілеп, оларға сыйлықтар тарту етті. Ардагер қариялар келген қонақтарды қуана қарсы алып, «АлЭС» АҚ басшылығының қамқорлығына үлкен ризашылығын білдіріп жатты.
    Уақыт - орны толмас құндылық. Жыл сайын ардагерлердің қатары сиреп келеді. Энергетиктер жарқын өмір сыйлаған қаһарман батырларымыздың ерлігін мәңгі есте сақтайды.

 

2015-06-04 065925

2015-06-04 065959

2015-06-04 070008

2015-06-04 070032

2015-06-04 070043

2015-06-04 070055

2015-06-04 070105

2015-06-04 070114