Алматы Энергетика және Байланыс Университетінің (АЭБУ) әр жылдардағы түлектерінің кездесуі туралы хабарландыру

Құрметті әріптестер!

     Алматы Энергетика және Байланыс Университетінің (АЭБУ) Түлектер қауымдастығы Түлектер-қамқоршылар кеңесінің және Ғылыми кеңесінің шешімі негізінде оқу орнының түлектермен байланысын нығайту, олардың кәсіби жетістіктерін насихаттау, ұрпақтар байланысының жалғасымын нығайту мақсатында жыл сайын мамыр айының соңғы сенбісінде Әр жылдардағы түлектердің кездесуі өтеді. Бұл жылы Әр жылдардағы түлектердің Кездесу күні 2015 жылдың 30 мамырында сағат 14:00-де басталады, кездесуде Ғұмарбек Даукеевке арналған ескерткіш тақтаның ашылу рәсімі болады.
     Аталған іс-шара АЭБУ Ғұмарбек Даукеев атындағы Оқыту-Спорттық кешенінің акт залында өткізіледі, мекенжайы: Алматы қ., Байтұрсынов к., 126.
     Кездесуге жоғары оқу орнының (ҚазПТИ энергетикалық факультеті, Алматы энергетика институты (АЭИ), Алматы Энергетика және Байланыс институты (АЭБИ), Алматы Энергетика және Байланыс Университетінің (АЭБУ)) барлық түлектерін шақырамыз.

Кездесу бағдарламасын және сауалнаманы кадр бөлімінен алуға болады.