«Алматы электр станциялары» АҚ-та республикалық және аймақтық БАҚ журналистеріне арналған баспасөз туры өтті

15 мамырда Алматы қ. ТМРАД АҚ бастамасымен «Алматы электр станциялары» АҚ облыстық және республикалық БАҚ журналистеріне арналған баспасөз-турын өткізді.

Журналистер мен Алматы қ. ТМРАД өкілдері Алматы облысының негізгі электр станциясына - Алматы 2-ЖЭО-ға барып қайтты.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне энергетиктердің жұмыс ерекшеліктерін тек өз көздерімен көрмей, сондай-ақ 2009-2013 жылдарға арналған «АлЭС» АҚ-тың инвестициялық міндеттемелерді орындау процесін түсінуге, олардың барлық сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік берілді.

 «Егемен Қазақстан», «Кешкі Алматы», «Алматы Ақшамы», «Алматы» телерадиокомпания газеттер журналистері 2-ЖЭО күл үйіндісін, негізгі басқару панелін, қазандық бөлмесін, градирняларын аралады.

БАҚ тілшілерінің сұрақтарына жауап бере отырып, даму жөніндегі Басқарма Төрағасының орынбасары Ғалым Жанбыршы презентация барысында «АлЭС» АҚ-тың инвестициялық бағдарламасының қалай орындалғанына жеке көңіл бөлді. Атап айтқанда, «АлЭС» АҚ 2009-2013 жж. инвестициялық міндеттемелері 59 млрд. теңгені (ҚҚС-ны есепке алмағанда) құрады, соның ішінде меншікті қаражат есебінен 39 млрд. теңге, қарыз қаражаты есебінен – 2 млрд. теңгеден астам, жарғылық капиталын толықтыруға арналған республикалық бюджет есебінен - ​​17 млрд.-тан астам, және келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

$1-       Өндіріс көлемін ұлғайтуға мақсатындағы шараларға – 31,0%;

$1-       Өндіріс шығынын азайту мақсатындағы шараларға  – 3,0%;

$1-       Өндірістің ағымдағы деңгейін қолдауға – 34,0%;

$1-       Күл қоймасы құрылысына  – 18,0%;

$1-       Табиғатты  қорғау шараларына  – 14,0%.

Оның ішінде келесі негізгі іс-шаралар жүзеге асырылуда:

$1-     2-ЖЭО, 3- ЖЭО желдеткіш градирняларын қайта құруы жылына 549,7 млн ​​кВт-ға электр энергиясының өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік берді;

$1-     жылына 1 млн. Гкал жылу шығаруды ұлғайтуға мүмкіндік берген, 2-ЖЭО-да қазандық құрылды. Жоба 2-ЖЭО-дағы «құлыпталған» жылулық қуатты белсендіру үшін және оны 2-ЖЭО-1-ЖЭО байланыстыратын жылу магистралі арқылы ЖЭО-1 аймағына жіберу үшін жүзеге асырылды, сонымен қатар, жоба қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған болатын. Сондай-ақ, 1-ЖЭО-дан ауаға зиянды заттардың шығарындыларының көлемі жылына 6,2 мыңнан 3,0 мың тоннаға дейін төмендеді;

$1-     1-ЖЭО, 2-ЖЭО және 3-ЖЭО күл қоймасының құрылысы - станцияларын тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін шешуші бағыттарының бірі болып табылады. Күл қоймасы, онсыз станция жұмыс істей алмайтын көмір станцияларын үздіксіз технологиялық жұмыс циклінің бір бөлігі болып табылады. Алматы қаласы мен Алматы облысының тұтынушыларын электр және жылу энергиясымен  үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында 1-ЖЭО, 2-ЖЭО және 3-ЖЭО күл қоймаларының қайта құру және кеңейту бойынша жұмыстар үнемі атқарылады. Күл қоймасының беймезгіл құрылысы пайдаланушыларға жіберілетін өнім көлемінің қысқартылуына, тіпті станцияның толық тоқтату ықтималына әкеледі, бұл өз кезегінде энергетикалық секторында ғана емес, халық шаруашылығының барлық салаларында бірталай экономикалық ысыраптарға әкеліп соғады, әлеуметтік шиеленіске себеп туғыздырады;

$1-         экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған табиғатты қорғау шаралары. Мысалы атқанда, 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО департаменттерінде күл тұтқыш қондырғыларын орнату, жандырғыш құралдарын жаңғырту және т.б. шаралар жүзеге асырылды. Осы жұмыстар бейорганикалық тозаңның шығарылымын жылына 10 108 тоннаға азайтуға мүмкіндік берді;

$1-     апаттық кідірістердің санын 2009 жылы 153-тен 2013 жылы 100-ге дейін азайтуға және Алматы қ. және Алматы өңірінің  пайдаланушыларын электр және жылу энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береген өндірістің ағымдағы деңгейін қолдау үшін жабдықтарды қайта құру және ауыстыру бойынша шаралар жүзеге асырылды. «АлЭС» АҚ энергия көздерінің негізгі жабдықтарының орта өлшемді тозуы шамамен 70% құрайтынын назарға алу қажет.

Г.Жанбыршы белгілегендей, «АлЭС» АҚ-ның инвестициялық міндеттемелерін орындау Алматы қ. және Алматы өңірін электр және жылу энергиясымен  үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Алдағы күндері, баспасөз тур қорытындысы бойынша телевизиялық әңгімелер жаңалықтар бағдарламаларында шығады, газет мақалалары дайындалады.

Алматылықтар журналистердің көздерімен «АлЭС» АҚ инвестициялық міндеттемелері қалай орындалатынын біле алады.