«Алматы электр станциялары» АҚ-та «газ турбиналық технологиялар негізінде жаңа энергия көзін қондыра отырып «АлЭС» АҚ 1-ЖЭО кеңейту» жобасына ҚОӘБ (қоршаған ортаға әсерді бағалау) бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті

2014 жылдың 9 құркүйегінде «АлЭС» АҚ-та газ турбиналық технологиялар негізінде жаңа энергия көзін қондыра отырып «АлЭС» АҚ 1-ЖЭО кеңейту» жобасына ҚОӘБ (қоршаған ортаға әсерді бағалау) бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілді.

Қоғамдық тыңдауға мемлекеттік және өкілетті органдардың, тұтынушылардың, қоғамдық  бірлестіктердің,  бұқаралық  ақпарат құралдарының, іргелес аудан тұрғындарының өкілдері және т.б. қатысты.

«Стройиндустрия» ЖШС бас инженері А.П. Калошин баяндама жасады: газ турбиналық технологиялар негізінде жаңа энергия көзін қондыра отырып «АлЭС» АҚ 1-ЖЭО кеңейту» жобасына ҚОӘБ бөлімі, бұнда қатысушыларды жобаның негізгі мақсаттарымен, «АлЭС» АҚ Алматы 1-ЖЭО-ның дамытуының қазіргі кездегі жағдайларымен таныстырды, станцияның перспективалық даму нұсқаларын көрсетті және т.б.

«Стройиндустрия» ЖШС экологы – М.А. Щербакова, - өз сөзінде ауаға түтін мұржаларынан ластағыш заттардың шығарындыларының негізгі көрсеткіштерін және станцияны табиғи газ жағуға аударудан кейінгі жалпы шығарындылардың қысқарту болжамын айтып өтті, ауаға күкірт компоненттерінің, көмір күлі мен шаң шығарылуын жою арқылы топырақ жамылғысына әсерін айтарлықтай қысқартуын көрсетті, жобаның әлеуметтік маңыздылығын көрсетті.

Талқылау сындарлы болды. Айтылған ұсыныстар мен ұсынымдар «АлЭС» АҚ одан әрі қызметінде ескерілетін болады.