«АлЭС» АҚ: Энергетик күніне арналған марапаттау рәсімі

«АлЭС» АҚ Энергетик күнін мерекелеу құрметіне 2014 жылдың қорытындылары бойынша ең үздік қызметкерлерін марапаттау салтанатты рәсімі өтті.
Басқарма төрағасы Нұрлан Мұхамед-Рахимов энергетиктерге құрмет марапаттары мен алғыстарын тапсырды. Кәсіби мереке - Энергетиктер күні құрметіне 147 қызметкерлері марапатталды.

Ең жоғары марапаты - «Құрмет» орденімен Президент Жарлығымен 2-ЖЭО турбина цехының басшысы Адик Берденов марапатталды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 3-ЖЭО қазандық цехының аға машинисі Иван Потуданский құрмет грамотасымен марапатталды. ҚР Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасымен пайдалану және жөндеу басқармасының жөндеу қызметінің бастығы Владимир Сизов, 1-ЖЭО станциясының ауысым бастығы Андрей Шевченко, 3-ЖЭО цех бастығы Қанат Карабалин, ГЭС Каскадының электрмашиналық цех бастығының орынбасары Олег Чеснаков марапатталды. Энергетика министрлігінің алғыс хаттарын 2-ЖЭО ауысым бастығы Шапулат Бердибаев, Қапшағай ГЭС электротехникалық зертхана басшысы Андрей Иванов, «Энергожөндеу» ӨЖК зертханасы Ерғали Мамырбеков, БЖК Өндірістік-техникалық бөлімінің жетекші инженері Тұрар Турсунканов қабылдады.

ТМД Электр энергетика Кеңесінің Еңбек сіңірген энергетигі Жоғары атағына даму жөніндегі Басқарма Төрағасының орынбасары - бас инженері Ғазий Исмухамбетов ие болды. Электр энергетика Кеңесінің құрмет грамотасымен ОҚТО Басқарушы директоры Бақтыбек Шоланбаев марапатталды.

Компанияның алты қызметкері Алматы қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды, олар: 1-ЖЭО қазандық жабдықтарының 7 разряд аға инженері Тұрсимбек Узибеков; 2-ЖЭО өндірістік учаскесінің шебері Расим Сағадиев; 2-ЖЭО цех бастығының орынбасары Георгий Юстус; БЖК электр техникалық цехының бастығы Вадим Ветлугин; «Энергожөндеу» ӨЖК арматуралық-механикалық цехының бастығы Әл-Фараби Утеулов; ОҚТО жетекші инженері Чингис Агибаев. Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасымен Анатолий Харитонов марапатталды.

«Қазақстан Электроэнергетикалық Қауымдастығының Еңбегі сіңген энергетигі» жоғары атағына омырау белгісін табыстай отырып келесі қызметкерлер ие болды: 3-ЖЭО Басқарушы директоры Карпов Дмитрий, «Энергожөндеу» ӨЖК басқарушы директоры Асхар Шанлакбаев, Қапшағай ГЭС басқарушы директоры Серік Қалиев, «АлЭС» АҚ бас инженерінің орынбасары Владимир Шмелёв.

«Қазақстан Электроэнергетикалық Қауымдастығының Құрметті энергетигі» атағына омырау белгісін табыстай отырып  2-ЖЭО цех бастығы Владимир Малимонов, «Энергожөндеу» ӨЖК қазандық учаскесінің бастығы Бақытжан Нургалиев, ОҚТО бас инженерінің орынбасары Хаджимурат Имажанов, «АлЭС» АҚ Диспетчерлік басқармасының релелік қорғаныс пен автоматика қызметінің бастығы Анатолий Тюменцев ие болды.

 «Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы ардагер энергетигі» атағына омырау белгісін табыстай отырып он энергетик ие болды: 3-ЖЭО Басқарушы директоры Карпов Дмитрий; «Энергожөндеу» ӨЖК бас инженері Виктор Каралкин; 1-ЖЭО негізгі қалқанының электромонтері Роза Хайрушина; «АлЭС» АҚ зейнеткерлері Геннадий Афанасьев, Виктор Рассказов, Валентина Яковлева; 3-ЖЭО техникалық пайдалану аға инспекторы Татьяна Солодилова; «Энергожөндеу» ӨЖК аға шебері Асылхан Ажимуратов; ОҚТО учаскесінің бастығы Алькеш Баубеков; Өндірістік-техникалық басқармасының өндірістік бөлім бас маманы Наталья Зайцева.

Сондай-ақ Қоғамның қызметкерлері «KAZENERGY» қауымдастығының, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Алматы электр станциялары» АҚ құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.