«АлЭС» АҚ-та балалар сурет салу байқауы өтті

«Самұрық-Энерго» АҚ дәстүр бойынша жыл сайын «АлЭС» АҚ-та балалар суреттер байқауын өткізеді. Байқау үш номинацияда келесі үш бала жастағы санаттары бойынша өтті: 3-тен 8 жасқа дейін, 8-ден 12 жасқа дейін, 12 жастан 16 жасқа дейін. Әрбір жас тобының өз номинациясы болды. Сәбилер үшін – «Спорт - денсаулық кепілі», екінші жас санатында «Менің болашақ мамандығым», ал жасөспірімдер үшін «Астана ЭКСПО-2017» атты номинациялар болды.

«АлЭС» АҚ қызметкерлерінің балалары «Самұрық-Энерго» АҚ компания топтарының қызметкерлерінің балалары арасында балалар суреті байқауында құрметті ІІІ орынға ие болды.

«Спорт - денсаулық кепілі» (3-тен 8 жасқа дейін)  номинациясы бойынша Абайқызы Анеля (8 жаста) және «АСТАНА ЭКСПО» (12-ден 16 жасқа дейін) номинациясы бойынша Нұрланқызы Гүлназ (14 жаста) III орынға ие болды. Олар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«АлЭС» АҚ балалар сурет байқауына компания қызметкерлерінің 34 балалары қатысты.

«Спорт - денсаулық кепілі» (3-тен 8 жасқа дейін) номинациясында алынған орындар:
1-ші орын - Тоқтарбаев Алижан (5 жаста).
2-ші орын - Павел Коваленко (8 жаста).
3 орын - Ледяева Ангелина (8 жаста).
«Менің болашақ мамандығым» (8-ден 12 жасқа дейін) номинациясы бойынша жүлделі орындарын бөлгендер:
1-ші орын - Ланкина Маргарита (11 жаста) және Виницкая Юлиана (11 жаста).
2-ші орын - Владислав Студеникин (8 жаста) және Жакбарова Аружан (12 жаста).
3 орын - Горбовская Яна (8 жаста) және Оралбаева Дана (5 жаста).

«АСТАНА ЭКСПО» (12-ден 16 жасқа дейін) номинациясы бойынша Еркебуланкызы Назерке (12 жаста) 1-ші орын алды. Барлық жеңімпаздар дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.
«АлЭС» АҚ кәсіподағы төрағасы В.М.Ситдиков және адам ресурстарының басқарма басшысы Д.Т.Шайжанова балаларды құттықтап, конкурсқа қатысқан әрбір балаға «АлЭС» кәсіподағы атынан сыйлық берді. Мерекелік концерт бағдарламасында «АлЭС» АҚ «Жарқын болашақ» жастар ұйымы өнер көрсетті. Сонымен қатар, шәй ішу ұйымдастырылды.Әрбір бала қуанышпен, бақытпен жарқыраған болатын.