«Алматы электр станциялары» АҚ 2013 жылға арналған «АлЭС» АҚ жылдық есебі бойынша тыңдау өткізді.

«АлЭС» АҚ тұтынушылар мен басқа да мүдделі тұлғалар алдында жылу энергиясын өндіру және магистральді құбырлармен су беру (химиялық тазартылған су дайындау) қызметтеріне арналған тарифтік сметаны орындау жөніндегі 2013 жылғы есеп беру бойынша тыңдау өткізілді.

Қоғамдық тыңдауға Алматы қаласы бойынша ТМРАД басшысы, ТМРАД тәуелсіз сарапшылары, Алматы қ. ардагерлер кеңесінің қалалық және аудандық өкілдері, «ҚазНИПИЭнергопром» Институты» АҚ, БАҚ өкілдері, «АлЭС» АҚ басшылығы мен қала тұрғындары қатысты.

Инвестициялық бағдарламаны орындау бойынша және 2013 есептік жыл ішінде «АлЭС» АҚ негізгі қаржы-шаруашылық қызмет көрсеткіштері бойынша толық есеппен «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Н. Мұхамед-Рахимов сөз сөйледі. Талқылау барысында тыңдау қатысушыларымен сындарлы ұсыныстар берілді.