2-ЖЭО-да жаңа қазандық бөлмесінің енгізуі

2013 жылдың 20 желтоқсанында «АлЭС» АҚ 2-ЖЭО қазандық бөлмесін пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісін алды. Жобаның жалпы құны 13,2 млрд теңгені құрайды.

Жобаны жүзеге асыру Алматы қаласының солтүстік-шығыс бөлігінде жылу энергиясының тапшылығын жабуға, 2-ЖЭО-дан жылдық жылумен жабдықтау көлемін жыл сайын 1 млн Гкал-ға арттыруға және Алматы қадасында экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.