2013 жылдың 29 қарашасында «Самұрық-Энерго» АҚ Алматы энергокешенінің нысандары бойынша баспасөз-турын өткізді. Журналистер барған нысандарының бірі – 1-ЖЭО-да жылу қабылдау пункті болды. «АлЭС» АҚ 1-ЖЭО департаменті қала орталығына жақын орналасқан және шамамен 80 жыл бойы жұмыс істейтін қалалық ірі жылу көзі болып табылады.
1-ЖЭО жабдықтарының қартаюы және негізгі қорлардың тозуы Алматы қ. электрмен жабдықтау жүйесінде ықтимал жағымсыз өзгерістердін объективті негізін қалыптастырады. Алдағы жылдары ЖЭО-1 негізгі құрал-жабдықтар экономикалық өмірлерін толық атқарады. 1-ЖЭО-да отынның келесі үш түрі пайдаланылады: көмір, газ, мазут.
«Егемен Қазақстан», «Мегаполис», «Айқын», «Литер» газеттерінің, «Эксперт Казахстан» журналының, «Хабар», «Астана», «Алматы» және «СТВ» телерадиокомпаниялардың журналисттері энергетиктердң жұмыс ерекшеліктерін тек өз көздерімен көрмей, 2-ЖЭО-дан жылу қабылдау үшін 1-ЖЭО қайта жаңғыртуы «АлЭС» АҚ энергия кешенінің жұмыс тиімділігін, 1-ЖЭО жүктемесін азайту есебінен Алматы қ. орталық бөлігінде экологиялық жүктемені бір уақытта азайта отырып, тұтынушыларды жылумен жабдықтау сапасы мен сенімділігін арттыру қажеттілігімен тығыз байланыста екенін білді.
БАҚ тілшілерінің сұрақтарына жауап бере отырып, «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Мұхамед-Рахимов 2-ЖЭО-дан жылу қабылдау үшін 1-ЖЭО қайта жаңғыртуы 2-ЖЭО-дан 1-ЖЭО-ға жылуды 1-ЖЭО-2-ЖЭО жылу магистралі арқылы 350 Гкал/сағ дейін жіберуге, негізгі құрал-жабдықтарды ауқымды қайта құру және ауыстыру, сондай-ақ ЖЭО-1 қоршаған ортаға жүктемені төмендету үшін жағдай туғызатын,жазғы кезеңде 1-ЖЭО-ны тоқтатуға мүмкіндік беретінің белгілеп кетті.
Сонымен қатар, арзан Екібастұз көмір үлесін арттыру және қымбат газ-мұнай отын үлесінің төмендету арқылы 1-ЖЭО және 2-ЖЭО отын жану пішімін өзгертуге, электр және жылу энергиясын өндіру жүйесінің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ «АлТС» АҚ орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағын жылумен қамтамасыз ету сенімділігін арттыруға жоспарланып отыр.
Алдағы күндері, баспасөз тур қорытындысы бойынша телевизиялық әңгімелер жаңалықтар бағдарламаларында шығады, газет мақалалары дайындалады.
Қазақстандықтар журналистердің көздерімен Алматы ЕТҚ «Самұрық-Энерго» АҚ жүктеменің күзгі-қысқы кезіне қалай дайындалғанын біле алады.