«Алматы электр станциялары» АҚ «KAZENERGY» Ассоциациясы құрамына кірді

«Алматы электр станциялары» АҚ Мұнай-газ және Энергетика Кешені ұйымдарының Қазақстандық Ассоциациясының толық мүшесі болды. 2013 жылдың 9 қазанында KAZENERGY VIII Еуразиялық форумында «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Н. Мұхамед-Рахимов ұйымға мүше болу сертификатымен марапатталды

Қауымдастыққа мүше ретінде қосылу «АлЭС» АҚ үшін отын-энергетикалық сектор кәсіпорындарының орнықты даму үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыруға мүмкіндіктер алуға мүмкіндік береді, сондай-ақ ең үздік халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, қызмет тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

«KAZENERGY» Қауымдастығы мұнай-газ және энергетика саласындағы 50-ден астам ірі ойыншыларды, соның ішінде кен игеруші, өндіруші, көлік, қызмет көрсету, геофизикалық және трансұлттық компанияларды біріктіреді.