«Алматы электр станциялары» АҚ: «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының бірінші форумы

Жастар ұйымының бастамасымен 27 қыркүйек күні Компанияның басшылығы мен ардагерлері қолдауымен жастар ұйымының «Жарқын Болашақ» атты тұңғыш форумы өтті.

Форумның негізгі мақсаты Қоғамның белсенді жастарын жастар бағдарламаларын дамытуға қатыстыру, жастар қозғалысын насихаттау, шешімдер қабылдау, Қоғамның жастар саясаты саласындағы жобаларын әзірлеу және іске асыру барысында жастардың қатысуын белсенді дамыту болып табылады.

«АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Н. Мұхамед-Рахимов, «АлЭС» АҚ ардагерлері өкілі Ж. Ормамбеков, «Энергия» кәсіподақ комитетінің төрағасы В. Ситдиков, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі Ж. Моминбаев және т.б. жастарға құттықтау сөздерін жолдады.

Форум қатысушыларына әлемдегі және Қазақстандағы жастар қозғалысының даму тарихы туралы білуге, «Жарқын Болашақ» 2013 жыл бойы және болашақ жоспарлары кезінде жастар ұйымының қызметімен танысуға мүмкіндік берілді.

Ресми бөлігінің аяөталуынан кейін жастар ұйымының белсенділері және форум қатысушылары команда құру элементтерін қолдана отырып бірге жұмыс істей бастады. Тимбилдинг барысында форумның қатысушылары түрлі тапсырмаларды орындады, тәжірибе алмастырды, ынтымақтастық бағдарламаларын әзірледі, өзекті мәселелерін талқылады және Қоғамға арналған ұсыныстар дайындады.

Біз осы форум қатысушыларға Қоғамның жастар ұйымының идеясын қалыптастыруға, оның қызметінің негізгі бағыттары мен «Жарқын Болашақ» жобаларына қатысуға ықылас қалыптастыруға көмектесті деп сенімдіміз.