«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялары тобы қызметкерлері арасында өткен ойындары аясында мини-футбол жарысында бірінші орынды «Алматы электр станциялары» АҚ жеңіп алды

Астанада 2013 жылдың 16 тамызында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері арасында Қазақстан спорт Күнін мерекелеуге арналған І екі күндік ойындарының қорытындылары шығарылды. Жарыс 5 спорт түрі бойынша өткізілді: асық ату, мини-футбол, волейбол, үстел теннисі және шахмат.

Спартакиаданың 11 қатысушылары арасында «Алматы электр станциялары» АҚ командасы мини-футбол жарысында бірінші орынды және стол теннисінен үшінші орынды жеңіп алды.

«Алматы электр станциялары» АҚ мини-футбол командасының үш қатысушылары биылғы жылы 14-15 қыркүйекте өтетін «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері арасында бірінші ойындарына қатысу үшін «Самұрық-Энерго» АҚ ұлттық құрамасына енгізілетін болады.