Жаңа Ұжымдық шарт

«АлЭС» АҚ алдағы бірнеше жылға арналған Қоғам қызметкерлерінің әлеуметтік кепілдіктері көрсетілген 2013-2016 жылдарға арналған жаңа ұжымдық келісім қабылданды. Бұл маңызды корпоративтік құжат 2013 жылғы 3 маусымда өткен 2013 -2016 жылдарға арналған «АлЭС» АҚ ұжымдық шарт жасасу жөніндегі тұрақты-қолданыстағы екі жақты комиссияның отырысында мақұлданды.

Келісімге сәйкес алдыңғы ұжымдық шартпен салыстырғанда жеке тармақтар мен бөлімдер жақсартылды, оның ішінде Қоғамның қызметкерлерінің әлеуметтік жәрдемақысы өсті, жұмыс берушінің есебінен электр энергиясы саласында жұмыс атқаратын қызметкерлерге арнаулы киім, аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарының беру салалық стандарттарына» кірмеген кәсіптер мен лауазымдардың тізімі кеңейтілді, Компания қызметкерлері міндеттемелерінің тізімі кеңейтілген.