Айтқали Жақұтов мемориалдық тақтасының ашылуы

2013 жылдың 6 тамызында КСРО құрметті энергетигі, КСРО энергетика және электрлендіру озаты, 1973 жылғы селден Алматыны қорғаушы Айтқали Жақұтов туралы естелік ретінде оның мемориалдық тақтасының ашылуы болды. Оның бар қызметі Алматы энергетикалық жүйесін дамытумен байланысты. Мемориалдық тақта «Алматы Электр Станциялары» АҚ ЖЭС-2 орналасқан.

Айтқали Жақұтов Алматылық ЖЭС-1-де инженер, турбиналық цех шебері, кезекші инженер ретінде қызметін бастаған.

1967 жылы А. Жақұтов Алматы қ. жылу желілері кәсіпорнының директоры болып тағайындалды. Оның тікелей басшылық етуімен қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындары мен коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларын орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету көзіне қосу ісі аяқталды.
1973 жылы Айтқали Жақұтұлы «Алма-Атаэнерго» аудандық энергетикалық басқармасының (АЭБ) басқарушысы ретінде тағайындалды. 1974 жылы Қазақ КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысымен ол Қазақ КСР Минэнерго алқасының мүшесі болып бекітілді.
Осы лауазымында оның жоғары ұйымдастырушылық қабілеттері және тапсырылған іс үшін аса жауапкершілікті қасиеттері аңғарылды. 1973-1975 жылдары Шағын Алматы өзені бойынша сел аққаннан кейін Медеу селден қорғау бөгеті ауданында жасалған апаттық-қалпына келтіру жұмыстары барысында оның бұл қасиеттері аса айрықша көзге түсті. Аянбай жұмыс істегені үшін, жұмыстарды сәтті ұйымдастыруы үшін Айтқали Жақұтұлы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Грамотасымен марапатталды.

Оның басшылық етуімен Алматы, Қапшағай қалаларында жылуландыру одан ары дами түсті, жүйеаралық «Алма-Ата-Фрунзе» ВЛ-220кВ, «Қапшағай ГЭСі-Талдықорған» ВЛ-220кВ» екінші тізбегі іске қосылды, Алматылық ГРЭС, Қапшағайлық ГЭС құрылысы аяқталды.

Айтқали Жақұтұлының тікелей басшылығымен және қатысуымен қуаттылығы 240кВ болатын Алма-Аталық ЖЭС-2 бірінші кезегінің құрылысы аяқталып, іске қосылды. Бұл кәсіпорын Алма-Ата және облыс халқын сенімді және үздіксіз жылумен қамтамасыз етуде шешуші рөл ойнады. Осы маңызды энергетикалық объектіні іске қосудағы Айтқали Жақұтұлының рөлі мен сіңірген еңбегі ерен.

1982 жылы Айтқали Жақұтұлы КСРО Минэнерго Электр станцияларын және желілерін пайдалану бойынша мемлекеттік инспекцияның Қазақстан аймақтық органының басшысы ретінде тағайындалды. Айтқали Жақұтұлы табысты қызметтік жұмыстарын белсенді қоғамдық жұмыстармен ұштастырып отырған. Ол Алма-Ата қалалық және облыстық Халық депутаттарының кеңесіне депутат, Энергетика және электртехникалық өнеркәсіп ғылыми-техникалық қоғамының Қазақ республикалық басқармасының мүшесі болып сайланды.

Айтқали Жақұтұлының аты 2001 жылы Мәскеуде басылып шығарылған «Ресей энергетиктері» энциклопедиясына енгізілген, бұл басылымға энергетиканың дамуына мол үлес қосқан атақты тұлғалар енді.

Айтқали Жақұтұлы артынан өшпес із қалдырып, 2011 жылы о дүниеге аттанды.

Айтқали Жақұтұлының Алматы өңірі энергетикасының дамуына салған ерен еңбегін және жемісті еңбек қызметін және жеке үлесін ескере отырып, «Алматы Электр Станциялары» АҚ ЖЭС-2 салтанатты түрде мемориалдық тақта орнатылды.